AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматы әкімі Ерболат Досаев ДДҰ бас директоры Тедр...

Алматы әкімі Ерболат Досаев ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесті

Оқиға 03.08.2022, 14:28 1,118 Almaty-akshamy
Алматы әкімі Ерболат Досаев ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Пандемия бірінші кезекте нені жақсарту керектігін көрсетті


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде COVID-19-ға қарсы іс-қимыл, мамандарды оқыту және жаңа технологияларды тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та қатысты.
Талқылау барысында Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болып қалатыны – қаланың «жасыл аймақта» тұрғаны, коронавирустық инфекциямен күресу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілгені және ДДҰ ұсынымдарын ұстанатыны атап өтілді. Қала басшысы Ерболат Досаев COVID-19 қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі әлсіз жерлерді ашқанын атап өтті.



«Пандемия бірінші кезекте нені жақсарту керектігін көрсетті және біз қажетті жұмыстарды жүргізуге ниеттіміз, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (МСАК) ықпалы тұрғысынан көрсетті. Біз қаладағы жағдайды жақсартуға ниеттіміз. Ол үшін медициналық мекемелерге жөндеу және жаңғырту жүргізуді, кадрлық әлеуетті күшейтуді және ДДҰ-ның озық практикалары мен ұсынымдарын іске асыру алаңына айналдыруды жоспарлаудамыз. Келесі 2-3 жыл қалалық денсаулық сақтау жүйесін реформалау үшін өте маңызды», - деді Алматы әкімі.



Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус қала басшысын қолдады, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің маңыздылығын атап өтті және Қазақстанның осы саладағы тәжірибесін жоғары бағалады (Қазақстан МСАК-тың отаны болып саналады, МСАК жөніндегі Алматы декларациясы 1978 жылғы 12 қыркүйекте қабылданды, 2015 жылы Алматыда МСАК жөніндегі ДДҰ-ның офисі ашылды).



«ДДҰ әлемге көптеген мүмкіндіктер беретін алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына шоғырланған. Келесі жылы Нью-Йоркте медициналық сақтандырумен жалпы қамту бойынша жоғары деңгейдегі кездесу өтеді. Біз Қазақстанның өзімізбен бірге жұмыс істегенін және алғашқы медициналық-санитарлық көмек аспектілері бойынша жетекші рөл атқарғанын қалаймыз», – деді Тедрос Гебрейесус.



Тараптар сондай-ақ Алматы аумағында жұмыс істейтін ДДҰ-ның МСАК жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан өңірлік офисі аясында ынтымақтастықты күшейту туралы уағдаласты.  
Қала басшысы Алматының денсаулық сақтау саласын дамыту үшін озық әлемдік тәжірибе мен үздік  практиканы пайдалануға аса мүдделі екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДДҰ #Досаев #Гебрейесус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті

Бүгін 09:42

Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтті

Бүгін 09:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика