Алматы әкімі аула мен көше жарығын жаңғырту қарқынын арттыруды тапсырды

Алматы әкімі аула мен көше жарығын жаңғырту қарқынын арттыруды тапсырды Алматы қаласы әкімдігі

Дархан Сатыбалды Алматыда халық көп жүретін бағыттарды толық жарықтандыру міндетін қойды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Көктөбедегі шолу алаңына барып, қаланың сыртқы жарық беру жүйесін жаңғырту арқылы түнгі көріністің қалай өзгеріп жатқанын көрді. Шаһар басшысына «Алматы Қала Жарық» МКК директоры Игорь Мысик атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

«Алматы Қала Жарық» МКК мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында Алматыда 13 мыңнан астам шам ауыстырылып, 120 шақырым жарық желісі қалпына келтірілген. 520 сыртқы жарықтандыру басқару шкафы (ШУНО) жаңартылып, бұрын жарық болмаған 21 аумақта жаңа желілер салынған. Бұл жұмыстар қаланың орталығынан шеткі ауданға дейінгі жерлерді қамтиды. 

Жыл соңына дейін жоспар бойынша 1200 жаңа жарық желісі салынып, қараңғы аумақтарға 22 мыңнан астам шам орнатылмақ. Бұл учаскелер тұрғындардың өтініші мен мамандар жүргізген тексеріс барысында анықталған.

Сонымен қатар, жарық сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасып отыр. Атап айтқанда, 70 шақырым жарық желісі жаңартылып, 1100 басқару шкафы ауыстырылып, 70 нысанға сәулеттік жарық орнатылады. Магистральды көшелерге 5000-нан астам энергия үнемдейтін шам қойылады. Бұл жұмыстың нәтижесінде биыл жыл соңына дейін Алматыда жарықтандыру деңгейі 100 пайызға жетуге тиіс.

Шаһар басшысы кешқұрым қаланың түрлі аумағында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аралап шықты. Тексеріс барысында Дархан Сатыбалды Абылай хан мен Абай көшелеріндегі жарықтандыру жүйесін көрді. Бұл көшелерде ұзартылған кронштейндер қолданылып жатыр – оған ағаштың жапырағы кедергі келтірмейді, жарық тротуарға толық түседі әрі оның жасыл желекке зияны жоқ. 

Панфилов көшесінде әкім «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған аула жарығын қарап шықты. Сондай-ақ, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы заманауи, энергия үнемдейтін шамдар мен Офицерлер үйінің сәулеттік-көркем жарықтандыруын көрді.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуге тиіс. Әсіресе, адамдар кешке балаларымен серуендейтін немесе үйіне қайтатын тұрғын үйлер маңындағы аумақ, тротуар мен саябақ жарық әрі қауіпсіз болуы қажет. Сондай-ақ, Алматы әкімі мектеп, емхана, мәдени нысан мен қоғамдық көлік аялдамасына баратын жолдардың жарығын мұқият пысықтап, қараңғы аумақтарға желі тарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Айта кетейік, бүгінде шаһарда күн сайын 40-тан астам арнайы бригада жұмыс істейді. Олар жаңа желілерді орнатып, ақауларды жояды әрі жабдықтарды жоспарлы түрде ауыстырады. Ауа райы қолайсыз кезде бригада саны көбейіп, шұғыл түрде тұрғындардың өтінішіне құлақ асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:29

16:55

15:07

14:14

13:34

13:27

12:38

11:20

10:15

09:55

09:05

19:42

19:19

18:33

18:31

16:39

15:08

14:46

14:40

14:10

14:00

13:25

12:44

12:00

11:55