AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Alma Qala экологиялық акциясы аясында...

Алматы әкімі Alma Qala экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Әлеумет 30.04.2022, 08:38 1,689 Almaty-akshamy
Алматы әкімі Alma Qala экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Cурет: Almaty-akshamy.kz


Алматы – әлем алмаларының отаны


Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматы әкімі Alma Qala экологиялық акциясына қатысты, оның аясында Түрксіб ауданының тұрғындары, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері «Балалар» саябағында 450 ағаш отырғызды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Отырғызылған ағаштардың ішінде-түрлі сұрыптағы 370 алма ағашы, соның ішінде «Сиверс», «Апорт», «Золотое прекрасное» болды. «Сиверс» сорты қазіргі заманғы алма сорттарының негізін қалаушы болып саналады. Олар құрғақшылыққа және  суыққа төзімді. Сонымен қатар, саябақ қайыңдармен, жапырақты және қылқан жапырақты көшеттермен толықтырылды.



Экологиялық белсенділердің айтуынша, қаланың саябақтары мен гүлзарларын көгалдандыру Алматы қаласына жасыл қала мәртебесін қайтаруға бағытталған.



«Мен экологиялық волонтерлік қозғалыстардың қызметіне үнемі үлкен құрметпен қараймын, олардың мақсаты - қоршаған ортаны жайлы және сау ету. Бүгін  осы қоғамдастықтың бір мүшесіне айналғаныма қуаныштымын», - деді Ерболат Досаев.



 Сондай-ақ, ол экологиялық акцияға қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, олардың игі миссияларына табыс тіледі.



Alma Qala қоғамдық бастамасы «Алматы – әлем алмаларының отаны» ұранымен 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Волонтерлер Алматыдан өзге еліміздің ірі қалалары - Нұр-Сұлтан мен Шымкентте «Сиверс» сортының алма ағаштарын отырғызумен айналысады. Бастама қолға алынғалы бері  тек Алматының  өзінде ғана белсенділер 100 мыңға жуық ағаш отырғызды. Жыл басынан бері Алматының Түрксіб ауданында 2 мың көшет, оның 850-і алма ағаштары отырғызылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Досаев #алма #Ағаш отырғызу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қыз Жібекке Баян сұлудың сыйы

Бүгін 10:23

Алтын мен күміс арзандады

Бүгін 10:14

47 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 6 келіден асатын ісік алынды

Бүгін 09:16

Астана қаласының оқушылары халықаралық чемпионаттың жеңімпазы болды

Бүгін 09:13

29 сәуірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика