ffin.kz

Алматы әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен екінші кездесуі Алатау ауданында өтті. Іс-шараға 600-ден астам  аудан тұрғындары келді деп хабарлайды


«Алматы әкімі лауазымына тағайындалғаннан кейін мен алғашқы жұмыс сапарымды Алатау ауданына жасадым. Қазіргі уақытта ауданда 318 мың адам немесе қала халқының 15,8%-ы тұрады, аудан қалада халық саны бойынша екінші орында», - деді Ерболат Досаев  өзінің  сөзінде.



Алматы әкімінің мәліметінше, Алатау ауданының даму әлеуеті зор. Оның аумағында Алматының индустриалды аймағы орналасқан, онда бүгінде 113,7 млрд теңге инвестиция тарта отырып, 19 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы 822 жұмыс орнын құрумен жаңа 10 өндірісті іске қосу жоспарлануда, бұл бюджеттің  салық түсімдеріне оң әсер етеді. Жалпы, ағымдағы жылы ауданда 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.



Халықпен кездесу барысында Ерболат Досаев ауданның негізгі проблемалық мәселелерін, соның ішінде сапалы ауыз сумен, кәрізбен және жол жабынымен, әлеуметтік инфрақұрылыммен, абаттандырумен, қоғамдық көлікпен және т. б. қамтамасыз етуді атады.



Әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жаңа медициналық мекемелердің, мектептер мен балабақшалардың құрылысы жалғасады. Мектептерде орын тапшылығын төмендету мақсатында оқу жылының басында «Саялы» және «Томирис» шағын аудандарында 3 300 орынды 2 оқу орны (№204, 205 мектептер) пайдалануға беріледі. 4 500 орынды тағы 3 мектеп бойынша құрылыс жұмыстарын бір жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Мектепке дейінгі мекемелерде орын жетіспеушілігін қысқарту мақсатында биыл  2 балабақша – «Нұркент» шағын ауданында  320 орынды және «Саялы» шағын ауданында 160 орынды салу жоспарланған.



Халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы   Саялы  және Қарасу шағын аудандандарында әрқайсысы 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарлануда. Келесі жылы  Алғабс шағын  ауданның 19 000 тұрғынына және Теректі шағын ауданы тұрғындарының бір бөлігіне қызмет көрсетуге есептелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек Орталығының құрылысын бастау жоспарланған. Стационарлық көмек қызметтерінің тапшылығына байланысты 2023-2025 жылдары көпбейінді аурухана салу жоспарлануда. Медициналық мекемеде перзентхана, диагностикалық және оңалту орталықтары  болады.



Ауданның өткір мәселелерінің бірі бағыттық желілер мен жылжымалы құрамның жетіспеушілігі болып табылады. Қала басшысының мәліметінше, мәселені шешу үшін алты шағын ауданда 3 жаңа бағыт ашылып, 4 бағыт ұзартылып, күшейтіледі (№109, 129, 25, 57), сондай-ақ  №115 бағыттың барлық жылжымалы құрамы жаңартылды. Биыл автобус аялдамаларының тапшылығын толығымен шешу жоспарланған - 50 аялдама кешені салынады.



Жайлылық жасау және қаланы абаттандыруды жақсарту мақсатында 2019 жылдан бастап Алматыда «Халықтың  бюджетке қатысуы» бағдарламасы іске асырылуда. Соңғы 2 жылда ауданда бос жатқан 60 учаскені абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді – балалар ойын алаңдары, воркаут алаңдары, спорт кешендері, жаяу жүргіншілер және жасыл аймақтар салынды. Ағымдағы жылдың  наурыз айында осы жоба аясында Алматы әкімінің ұсынысы бойынша Алатау ауданы үшін қаржыландыру көлемі 500 млн теңгеден  1,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.



Биылғы жылы тұрғындардың ұсыныстары бойынша балалар және спорт алаңдарын, Момышұлы көшесі бойында көру алаңын, Рахат-Мәдениет, Саялы, Қарасу, Шапағат  шағын аудандарында футбол алаңдарын және жасыл аймаққа арналған суару жүйелерін слау бойынша  36 жоба айқындалды.


Тұрғындар жолдардың сапасы мен жөндеу, сумен қамтамасыз ету, кәріз, электр желілерінің жағдайы және т. б. мәселелерді көтерді.



Халықпен кездесу 3 сағаттан астам уақытқа  созылды. Қала басшысы тұрғындардың 150  өзекті  сұрақтарына жауап берді.   Кездесу аясында нақты тапсырмалар берілді, әкімдіктің жауапты бөлімшелері бекітіліп, мерзімдері белгіленді.


Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаланың барлық аудандарының тұрғындарымен тоқсан сайын кездесетін болады.


Еске салсақ, Алматы әкімінің халықпен алғашқы кездесуі 14 сәуірде Бостандық ауданында өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04