Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге...

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Алматы 06.03.2026, 18:34 345
Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов қала тұрғындарын жеке мәселесі бойынша қабылдады. Кездесу барысында жер қатынастары мен құрылыс талаптарының сақталуына қатысты мәселелер қозғалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай шағынауданының тұрғындары қаланың Бас жоспарына енгізілген өзгерістерге байланысты мәселе көтерді. Аталған құжатқа сәйкес, бұл аумақта қоғамдық-іскерлік аймақ, көпқабатты тұрғын үй құрылысы және саябақ аймағын орналастыру көзделген.

Қазіргі уақытта бұл аумақтағы жер телімдерінің нысаналы мақсаты – бау-бақша шаруашылығы. Осыған байланысты тұрғындар аумақтың функционалдық мәртебесін жеке тұрғын үй құрылысы аймағына өзгерту мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Алматы әкімінің орынбасары Бас жоспар қаланың ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Оны әзірлеу кезінде қаладағы қазіргі құрылыс жағдайы ғана емес, болашақтағы халықтың қажеттілігі де ескерілетінін жеткізді.

Өз кезегінде еліміздің құрметті сәулетшісі Жанат Айтілеу бұған дейін басқа бау-бақша серіктестіктеріне қатысты ұқсас жағдайды түсіндіріп, Бас жоспарда қарастырылған шешімдер аумақты кешенді түрде дамытуға бағытталғанын айтқан. Оның пікірінше, бұл заманауи қалалық орта қалыптастыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Абай шағынауданының бүкіл аумағын тек жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстыру жер ресурстарын тиімсіз пайдалануға алып келуі және қаланың даму мүмкіндігін шектеуі мүмкін», — деді сәулетші.

Ал «SENIM» кәсіби бағалау орталығы» ЖШС тәуелсіз бағалау компаниясының мәліметінше, жер телімдерін жеке инвесторлар сатып алған жағдайда олардың тартымдылығы көбіне Бас жоспарда көрсетілген аумақтың аймақтық мәртебесіне байланысты анықталады. Ал жердің нысаналы мақсаты шешуші фактор бола бермейді. Әдетте баға жер аумағы мен ондағы құрылыстардың көлеміне қарай қалыптасады. Жалпы алғанда, меншік құны инвестор мен әрбір жер телімінің иесі арасындағы жеке келісім арқылы анықталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай ауданы #жеке тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Кеше 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Кеше 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Кеше 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Кеше 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Кеше 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика