AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алмалы ауданында 3 жылда ауданның электр желілері...

Алмалы ауданында 3 жылда ауданның электр желілерінің тозу деңгейі 80%-тен 61%-ке дейін төмендеген

Әлеумет 06.02.2025, 10:20 1,055
Алмалы ауданында  3 жылда ауданның электр желілерінің тозу деңгейі 80%-тен 61%-ке дейін төмендеген
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алмалы ауданының тұрғындары электр қуатының жиі апаттық өшулері туралы орынды шағымдары соңғы жылдары көптеген жұмыстарды талап етті. Алайда, 2022 жылдан бастап «АЖК» акционерлік қоғамымен бірлесіп, қаланың электр желілерін модернизациялау бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынған. Бұл жұмыстар айтарлықтай нәтижелер көрсетіп, аудан тұрғындарын электрмен жабдықтаудағы мәселелерді шешуге бағытталған ауқымды шараларды іске асырылып жатқанын аудан тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Е.Досаев мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

- «АЖК» акционерлік қоғамы мен қала әкімдігі арасында жүргізілген бірлескен жұмыс нәтижесінде соңғы 3 жылда ауданның электр желілерінің тозу деңгейін 80%-тен 61%-ке дейін төмендете алдық. Бұл көрсеткіш айтарлықтай жетістік болып табылады және электр жүйелерінің сенімділігін арттыруға ықпал етті. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда, және болашақта электр қуатының жиі өшуі мәселесін толықтай шешу мақсатында жұмыстар жалғаса береді, - деді Е.Досаев,

2024 жылы аудан тұрғындарын тұрақты электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында маңызды жобалар іске асырылды. Райымбек – Наурызбай батыр – Мәметова – Сейфуллин көшелерінің және Жамбыл – Әуезов – Абай – Розыбакиев көшелерінің аумағында 7,7 км электр желілері реконструкцияланды. Бұл жұмыс ауданның электрмен жабдықтау жүйесін жаңартуға, оның сенімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

- Сыртқы жарықтандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. 58,1 км ескі кабель желілері жаңартылып, 4 400-ден астам шам ауыстырылды, 193 жаңа жарықтандыру тіректері орнатылды. Бұл жұмыстардың жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрады, және нәтижесінде 46 көше мен 185 аула аумағы сапалы жарықпен қамтамасыз етілді, деді қала әкімі Е.Досаев.

Биыл электрмен жабдықтау жүйелерін одан әрі жақсарту мақсатында 27,1 км электр желілерін реконструкциялау, сондай-ақ 85 трансформаторлық станцияны жөндеу және жаңа 1 станция салу жоспарлануда. Бұл жұмыстар аудан тұрғындарын тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралар болып табылады.

Көше жарығын жақсарту бойынша да жұмыстар жалғасын табады. 4 500 шамды модернизациялау, 58 км кабель желілерін ауыстыру және 483 жарықтандыру тіректерін орнату жоспарлануда. Бұл жұмыстарға жалпы 1,8 млрд теңге бөлінген. Осы жұмыстардың нәтижесінде ауданда көше жарығының сапасы айтарлықтай жақсарып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыртқы жарықтандыру #электр желілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика