AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Әліппемен» достасқан бүлдіршіндер мектепке келді

«Әліппемен» достасқан бүлдіршіндер мектепке келді

Әлеумет 01.09.2021, 17:21 1,020
«Әліппемен» достасқан бүлдіршіндер мектепке келді
Сурет: Almaty-akshamy

Еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды.


Білім күні Білім және ғылым министрлігінің қабылдаған шешіміне сәйкес, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға мерекелік жиын өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Алматы қаласындағы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Алғашқы қоңырау» рәсімі 4 мезгілге бөлініп өткізілді. Себебі 1 сыныпқа қабылданған 300-ге жуық шәкіртті бір уақытта мектеп ауласына жинаудың өзі карантин талаптарына қайшы келетіндігі айтпаса да түсінікті.


Әдеттегідей Әнұран орындалып, іс-шараға қатысушыларды гимназия директоры Тілеубай Сәния Өскенбайқызы Білім күнімен құттықтап, мектеп табалдырығын аттаған өрендеріне өнер, білім, ғылым жолында мұқалмайтын күш-қайрат тіледі, "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ өкілі Асылбек Перуза Өзенбекқызы сөз кезегінде мектеп табалдырыған тарыдай болып аттаған бүлдіршіндердің елін, жерін, дәстүрін құрметтейтін, сауатты, білімді ұрпақ болып қалыптасуына деген ізгі тілегін білдірді.


Білім ордасын алғаш аттаған бүлдіршін қолындағы гүл шоқтары, үкілі үмітін жетелеген ата-ана, құшағы гүлге толған ұстаздар мектеп ауласын ерекше қуанышқа бөлейді. Алғашқы қоңыру соғылған соң, 1 сынып оқушыларына алғашқы оқулығы – «Әліппе» үлестірілді. Әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталатын алғашқы ұстаздары сыныпқа қарай жол бастады. Тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын бүлдіршіндер «Әліппесін» құшақтап, білім айдынының ақ кемесіне мініп барады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);