AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әлихан Смайылов Ташкентте Өзбекстан Президентімен...

Әлихан Смайылов Ташкентте Өзбекстан Президентімен кездесті

Саясат 05.05.2023, 16:00 1,747
Әлихан Смайылов Ташкентте Өзбекстан Президентімен кездесті
Сурет: Ашық дереккөз

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салудың маңыздылығы ерекше атап өтілді


Жұма, 5 мамырда, Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы екіжақты қарым-қатынас сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Атап айтқанда, жоғары деңгейде өткен соңғы келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру – екі ел Үкіметтерінің ерекше бақылауында.


Сонымен қатар Премьер-Министр Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы туралы хабардар етті, онда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, экология, транзиттік-көлік саласындағы және т.б. өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Өзара саудадағы тауарлар номенклатурасын кеңейту, жаңа инвестициялық және кооперациялық жобаларды іске қосу жөніндегі жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.


Қазақ-өзбек шекарасында екі елдің өнеркәсіп саласындағы тиімді өзара іс-қимылына серпін беретін «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.


Кездесу қорытындысы бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екі елдің үкіметтері белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендігі айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #Ташкент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Инвестициялар туралы келісім: Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

Бүгін 08:30

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Кеше 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Кеше 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Кеше 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Кеше 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);