AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әлихан Смайылов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылы...

Әлихан Смайылов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрімен кездесті

Саясат 27.09.2022, 10:52 1,880
Әлихан Смайылов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрімен кездесті
Сурет: Рrimeminister.kz

Тараптар туризм, мәдениет және азаматтық авиация салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан әл-Рабиамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz үкіметтің ресми ресурсына сілтеме жасап.


Премьер-Министр өткен жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасында достық және сындарлы қатынастар орнағанын атап өтті.



«Әлем мұсылмандары қажылық парызын өтеуді асыға күтеді. Биыл біздің 4 мың отандасымыз да осындай мүмкіншілікке ие болды. Бұған Сауд Арабиясы басшылығының назары мен күш-жігерінің арқасында қол жеткізілді», — деді Әлихан Смайылов.



Сондай-ақ ол Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне белсенді қатысқаны үшін Корольдік өкілдеріне алғысын білдірді.



«Елдер арасындағы ынтымақтастық кеңейіп, нығая түсетініне сенімдімін», — деді Әлихан Смайылов.



Өз кезегінде Тауфик бен Фаузан әл-Рабиа тұрақты әуе рейстерінің ашылуы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.



«Сапар аясында мен қазақстандық әріптестеріммен бірқатар табысты кездесулер өткіздім. Тікелей тұрақты рейстердің ашылуы Қазақстаннан келетін туристер мен қажылыққа барушылар санының өсуіне ықпал етеді деп үміттенеміз», — деді Тауфик бен Фаузан әл-Рабиа.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#арабия #министр #смайылов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22

Лондонда Наполеонмен соғысқан қазақтар туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін 11:00

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);