AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов Білім министріне бес тапсырма берд...

Әлихан Смайылов Білім министріне бес тапсырма берді

Әлеумет 01.02.2022, 05:33 1,144
Әлихан Смайылов Білім министріне бес тапсырма берді
bilimdinews.kz


Премьер-Министр Әлихан Смайылов кадрлар тапшы өңірлерге ұстаздарды тарту үшін қосымша ақы төлеу шарасын қарастыру керегін айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz




Мемлекет басшысы жоғары, әсіресе, техникалық жоғары білімді дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Индустрияландыру мен цифрландыру жағдайында бірінші кезекте заманауи тәсілдер мен дағдыларды меңгерген  сауатты техникалық мамандар қажет. Жоғары білім беру жүйесін қайта қарау отандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары білімді ұрпақтың жаңа буынын тәрбиелеу үшін қажет. Бұл бағыттағы жұмысты жеделдетіп, танымал университеттердің филиалдарын, кампустарын ашу ісінде нақты шаралар қабылдау керек, - деп айтты ол.



Айтуынша, жастардың жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейту үшін  мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту, оның ішінде  еліміздің батыс өңірлерінің студенттері үшін техникалық мамандықтар бойынша  қосымша 10 мың грант бөлу жоспарланып отыр.



Жалпы, жоғары білім саласында гранттар арқылы мемлекеттік тапсырыстарды бөлу кезінде Білім министрлігі мен әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктері мен облыстардағы кадрларға деген қажеттілікті ескеруі тиіс. Техникалық ғылымдарды дамытуға басымдық беру, «E-lab» бірыңғай платформасын құру, ғылымды базалық қаржыландыруды кеңейту арқылы ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі шаралар кешенін қарастыру қажет, - деді Әлихан Смайылов.



Осы ретте Үкімет басшысы Білім министрлігіне бірнеше тапсырма берді.


Бірінші. Президент тапсырмаларына сәйкес, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын тез арада қайта қарау керек. 


Екінші. Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасының жобасына Балаларды балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай цифрлық базасын құру, Тәрбие жұмысы тұжырымдамасын қабылдау, Қосымша білім берудің бірыңғай ұлттық порталын құру жөніндегі іс-шараларды енгізуді қамтамасыз ету қажет.


Үшінші. Кәсіпорындардың колледждерді қамқорлыққа алуын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасын пысықтап, осы жылғы 10 ақпанға дейін енгізсін.


Төртінші. Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі жол картасын осы жылғы 7 ақпанға дейін енгізу керек.


Бесінші. Салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, техникалық бағыттағы ғылыми кадрларды даярлауға басымдық беру қажет, оның ішінде жас ғалымдарға гранттар бөлу және жыл сайын жетекші шетелдік ғылыми орталықтарға жіберу жұмыстарының аясында да ұйымдастыру керек.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Ғылым #тапсырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика