Әлі де көз бояушылық бар

Әлі де көз бояушылық бар Сурет: ашық дереккөз

Жол сапасын тексеру кезінде бірнеше кемшіліктер табылып, жол салу барысында кемшіліктер жіберген мердігер компанияларға ескерту жасалған.


Жыл аяғына жақындады. Дәл осы уақытта барлық мекеме жыл бойы жасаған жұмыстарын қорытындылап, істелген істі ойдан өткізеді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы филиалы да осы жылдың 10 айында атқарған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Жалпы, филиал қызметкерлері жол сапасын зерделеу мақсатында  биылғы жылы жалпы 383 сараптама жасаған. Атап айтар болсақ, Алматы қаласында ұзындығы 200 шақырым болатын 230 көшені орташа жөндеумен қамту жоспарланған. Оның ішінде 215 көше аудандық маңызы бар көшелер болып табылады. Негізінен филиал қызметкерлері қаланың шет аймақтарындағы Алғабас, Теректі, Томирис, Қарасу, Ақбұлақ, Зерделі, Шапағат, Шұғыла, Таусамалы, Қалқаман, Рахат, Жас Қанат секілді шағын аудандарында жүргізілген жолдардың сапасына ерекше көңіл бөліпті.



Орташа жөндеу нысандарына 190 сараптама жүргізіліп, 913 сынама алынды. Солардың ішінде 298 сынама НТҚ-ға (нормативтік техникалық құжаттама) сәйкес келмейді. Жұмыс барысында нысандардан 57 ақау мен кемшілік анықталды. Белгілі болған ақаулардың 38-і жойылу барысында.
Қаладағы 14 нысан құрылыс жұмыстарымен қамтылған. Бұл нысандарға 34 сараптама жасалып, 92 сынама алынды. Олардың ішінде 38 сынама НТҚ сәйкес келмейді. 23 ақау мен кемшілік анықталды (17 ақау жойылу үстінде),- деп жазылған аталған мекеменің хабарламасында.



«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы филиалы баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, «Алғабас шағын ауданындағы жолдардың құрылысы» нысаны бойынша 17 қазан күні 4 ақау табылып, ешқайсысы жойылмаған. 19 қазан күні асфальтобетон жабынынан 3 керн алынып 1 керн нормативтік құжаттамаға сәйкес келмейтіні анықталған.


Айту керек, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы филиалы Алматы қаласына қарасты аудан әкімшіліктерімен сапаны жақсарту мақсатында келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл келісімшартқа тек Алмалы ауданының әкімшілігі қалыс қалған еді. Демек, филиалдың қызметкерлері келісімшартқа сәйкес, қаланың 7 ауданында 136 сараптама жасап, 173 сынама алған. Оның ішінде 55 сынама НТҚ сәйкес келмейтінін анықтаса, 28 ақау мен кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:50

19:04

18:48

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05