ffin.kz

Алғыс күніндегі алғыс, Аспанда адасқан, 5 миллиард долларлық айыппұл, Мемлекеттік күзетке кім жарамды?

Алғыс күніндегі алғыс, Аспанда адасқан, 5 миллиард долларлық айыппұл, Мемлекеттік күзетке кім жарамды? Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтының бүгінгі жаңалықтарына шолу – күн керуені


Алғыс айту күніндегі алғыс



Қазақстанды көркейтуге өз үлесін қосып жүрген азаматтарға мемлекет басшысы алғыс айтты.


Бүгін – елімізде Алғыс айту күні.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады.



«Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекеттік күзетке кім жарамды?



2024 жылғы 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.


Үміткерлерге  мынадай талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.


Тоқаев Бектеновті қабылдады



Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Премьер-Министр еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және экономиканың өсімін қамтамасыз ету жоспары туралы баяндады.


Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Аспанда адасқан



FlyArystan ұшағы басқа ұшақпен соқтығыса жаздады.


Алматыға бет алған FlyArystan ұшағы Мумбай әуежайының ұшу-қону жолағында Air India әуе компаниясының Airbus A319 ұшағымен соқтығысып қала жаздады. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қазақстандық ұшақ ұшу-қону жолағына кезекте тұруы керек болатын. Алайда пилот ұшу жолағын шатастырып алған. Бұл уақытта Air India әуе компаниясының ұшағы жылдамдық ала бастаған. Алайда пилот FlyArystan бортының қозғалысын байқап, жылдамдығын күрт бәсеңдетіп, көкке көтерілмей, соққтығыстың алдын алған. Үндістан авиациясы оқиғаны тергеуді бастады.


5 миллиард долларлық айыппұл



Экологияға келтірген залалы үшін НКОК компаниясына салынған. Оны заңсыз деп, сотқа шағынып жүргенге  үкім шықты. Енді компания   5 миллиард доллар айыппұлды төлеуге мәжбүр. Бірақ НКОК бұған дейін халықаралық арбитраж сотына жүгінеміз деген ақпарат таратқан болатын. Астанада апелляциялық сот алқасы Атырау облыстық экология департаменті қызметкерлерінің Қашағанда жүргізген тексеріс нәтижесін заңды деп таныды.


540 млн теңгенің есірткісі



ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананың жолын кесті. Айналымнан алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланды.


Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады



Мәжіліс соңғы екі айда 18 заң қабылдап, Сенаттың қарауына жіберген. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген.


«Жер аманаты» жобасы аясында екі жыл ішінде 10 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылған. Қаңтар-ақпан айларында «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 15 мың адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өткен. Жыл соңына дейін тағы да 750 мың азаматты оқыту жоспарланып отыр.


10 мың банкрот



Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық қазақстандық  енді бес жылға дейін банктен кредит ала алмайды. Қазақстанда 10 мыңға жуық азаматтың кредиті кешірілді, осы мақсатқа шамамен 20 миллиард теңгедей қаржы жұмсалды. Ол азаматтың қаржы ахуалына үш жыл бойы бақылау жүргізіледі. Жеті жыл ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды.


 


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58