AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алғыс айту күніне орай ішекті аспаптар квартеті қа...

Алғыс айту күніне орай ішекті аспаптар квартеті қайырымдылық концертін өткізді

Өмір-өзен 02.03.2022, 11:18 2,215
Алғыс айту күніне орай ішекті аспаптар квартеті қайырымдылық концертін өткізді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Абай атындағы ҚазҰОБТ оркестрінің әртістері «Төртеуге жағымды әңгіме» авторлық бағдарламасын орындады.


Алғыс айту күніне орай «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығында «GATOB QUARTET» ішекті аспаптар квартеті қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Абай атындағы ҚазҰОБТ оркестрінің әртістері Әсем Қалман, Оксана Нұршаева, Нұрлан Сағымбаев және Айдар Құспанов жұртшылық сүйіп тыңдаған топтың «Төртеуге жағымды әңгіме» авторлық бағдарламасын орындады. Мерекелік концертте өңдеудегі атақты күйлер мен қазақ композиторларының әндері, квартеттің танымал классика мен ХХ ғасыр шығармалары орындалды. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсындағы әйгілі «Қарлығаш» әні Астор Пьяццолланың шығармаларымен қатар жүрді. «Дон Жуан» операсынан таныс әуен бағдарламада Вольфганг Амадей Моцарттың шығуын белгіледі, ал бұл   таңғажайып музыкалық калейдоскоптың тек үзінділері ғана.



Абай атындағы ҚазҰОБТ ішекті аспаптар квартеті – өзіндік ерекше даралығы бар қалыптасқан ұжым. Оркестр әртістері театр қойылымдарының бай репертуарындағы музыкалық материалдарды меңгеріп қана қоймай, белсенді концерттік іс-шараларды да жүргізеді. Ансамбльде ойнау өнері өте күрделі. Ол өз ойыныңызды бақылауды ғана емес, сонымен қатар әріптестеріңізбен үнемі өзара әрекеттестікте болу қажеттілігін қамтиды. Бұл дегеніңіз - музыкалық тепе-теңдікті сезіну, сіздің аспабыңызбен бірге ойнап жатқан аспаптарды тыңдау, дыбыстың кез келген өзгерістеріне жылдам жауап беру.


Жаңадан бастаған пианист Сұлтан Сағыныш Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнінің өңдеуін, сонымен қатар заманауи хиттерді орындап, көрермендерді өз өнерімен қуантты.


«Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығының тұрғындары – тұрақты мекенжайы жоқ, айырылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін адамдар. Орталықта тұратындардың дені егде жастағы адамдар, көбінің денсаулығында ақау бар. Концерт тыңдармандары әр шығарманы ұзақ және жылы қол соғумен қошеметтеп отырды, концерт соңында рахаттанып алған әсерлері үшін өнерпаздарға шексіз алғыстарын білдіріп, жоғары кәсіби орындаудағы әсем әуенді қайта тыңдауға тілек білдірді.



GATOB QUARTET ұжымы – Қазақстандағы академиялық бағыттағы танымал ішекті аспаптар квартеті. Ол Абай атындағы ҚазҰОБТ-да, қала мен республиканың концерттік алаңдарында жиі тартымды авторлық бағдарламаларымен өнер көрсетеді. Топтың басым бағыттарының қатарында классикалық музыка саласындағы ағартушылық және танымалдылық шаралар, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қайырымдылық концерттер бар.


 



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Оркестр #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика