конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік сала өкілдерінің үні – конституциялық ө...

Әлеуметтік сала өкілдерінің үні – конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған

Әлеумет 23.02.2026, 19:04 428
Әлеуметтік сала өкілдерінің үні – конституциялық өзгерістерді қолдауға бағытталған
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда әлеуметтік сала өкілдерінің «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен кездесуі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Диалог барысында қатысушылар әлеуметтік саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелерді, қоғамдық бастамаларды және мемлекеттік институттарды одан әрі жетілдіру бағыттарын талқылады.

Кездесу «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өтті. Негізгі назар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерді және олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын талқылауға, сондай-ақ әлеуметтік сала өкілдерімен ашық диалог орнатуға аударылды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Макежанов Конституцияны жаңғырту қазіргі заман талаптары мен қоғамның даму сұранысына байланысты екенін атап өтті.

Сенат депутаты Жанна Асанова жаңа Конституция әрбір азаматтың мүддесін ескеретін және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін құжат болуы тиіс екенін айтты. Ол негізгі бағыттардың қатарында заң үстемдігін қамтамасыз ету және сот жүйесінің тәуелсіздігін одан әрі нығайтуды атады.

Өз кезегінде Сенат депутаты Нұрия Ниязова қоғаммен тұрақты кері байланыстың реформаларды табысты іске асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Талқылау барысында орталық қызметкерлері әлеуметтік саланы дамытуға қатысты мәселелерді көтеріп, қарастырылып отырған бастамалар жөнінде өз пікірлерін білдірді.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум 15 наурызға жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #әлеуметтік сала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрылтай сайлауына Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғап жүрген танымал спортшылар да белсенді қатысып жатыр

Бүгін 10:21

Алматылықтар сайлау учаскесінде күтпеген музыкалық перформанс ұйымдастырды

Бүгін 10:19

Алматыдағы Құрылтай сайлауында каратэден әлем чемпионатының жүлдегері Дидар Әмірәлі дауыс берді

Бүгін 10:16

Бүгін Алматыда қоғамдық көлікпен жүру тегін: жолақы төлеген жолаушылардың ақшасы қайтарылады

Бүгін 10:14

Алматы әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін 10:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);