Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік қорғау қызметкерлері тренингтен өтті

Әлеуметтік қорғау қызметкерлері тренингтен өтті

Әлеумет 04.08.2021, 08:44 1,357
Әлеуметтік қорғау қызметкерлері тренингтен өтті
Сурет: Nn.aif.ru

 Оқуға Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларынан 104 маман қатысты.


 Үш күндік тренингті онлайн түрде 2 ұлттық сарапшы-жаттықтырушы, ҚММУ қауымдастырылған профессорлары Лариса Мациевская мен Анна Кнаус өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбекминінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласының мамандарына АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен (БЦСА, аутизм, қант диабеті) өмір сүретін балалары/жасөспірімдері бар отбасыларға психоәлеуметтік сүйемелдеу қызметтерін көрсету бойынша тренинг өткізді.



 «Тренинг мақсаты – АИТВ және басқа да созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге қатысты алдын алу мен емдеудің заманауи стандарттары мен қағидаттарын енгізу. Бүгінгі біздің басты міндетіміз – жұмыспен қамту орталықтары, ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мамандарының және белсенді ата-аналардың/қамқоршылардың АИТВ, қант диабеті, балалардың церебралды сал ауруы және аутизммен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерді психоәлеуметтік қолдау мәселелері бойынша және олардың ата-аналарының/қамқоршыларының және олардың ата-аналарының/қамқоршыларының білімдерін кеңейту және дағдыларын арттыру», - деп атап өтті Еңбекмині және ЮНИСЕФ бірлескен жобасы аясында құрылған жобалау орталығының басшысы Данияр Нұрпейісов.



 Оқыту барысында жаттықтырушылар әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау жүйелеріндегі мамандарды созылмалы аурулары бар балалардың өзекті мәселелерін анықтаудың базалық қағидаттарына және олардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша ықпалдастырылған тәсілдерге үйретті. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін психоәлеуметтік қолдаудың 10 ұлттық стандарты, соның ішінде кейс-менеджмент технологиясы қолданылды.



 «АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерді табысты әлеуметтендіру – мемлекеттің маңызды міндеті. Бұл бағыттағы жұмыс осы аурулардан зардап шегетін жас қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді, оларға қоғам өміріне ықпалдасуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Еңбекмині Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің орынбасары Сырым Нәси.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет #қорғау #тренинг #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика