Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік өнімдердің бағасы төмендеді

Әлеуметтік өнімдердің бағасы төмендеді

Әлеумет 17.06.2024, 15:38 639
Әлеуметтік өнімдердің бағасы төмендеді
Almaty-akshamy.kz
Үкіметте сенбі күні, 15 маусымда, вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты жағдай қаралды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
"Бір апта ішінде 10 түрлі тауардың, атап айтсақ: қырыққабат (9,7%), пияз (1,3%), қарақұмық жармасы (1,1%), тауық еті (0,6%), күріш (0,4%), күнбағыс майы (0,4%), макарон өнімі (0,2%), қант, сүзбе және ұн бағасы (0,1%) төмендеді. Жалпы, елімізде негізгі азық-түлік бағасының индексі 0,1%-ға төмендеп отыр. Баға 11 облыста, әсіресе Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында айтарлықтай төмендеді", — деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністерді жинау науқаны басталып жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, ерте пісетін картоп – 219 мың тонна, қырыққабат – 105 мың тонна, сәбіз – 32 мың тонна, пияз – 66 мың тонна көлемінде күтілуде. Бұл көлем маусым-шілде айларында халықтың аталған көкөністерге деген қажеттілігін қанағаттандыруға жеткілікті.

"Өндірушілерден мегаполистерге тікелей жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарындағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің тізімі құрылды, барлығы 900-ден астам кәсіпорын. Мәліметтер Астана, Алматы және Шымкент әкімдіктеріне көкөністерді жеткізу келісімдерін жасау үшін берілді", — деп атап өтті Ербол Тасжүреков.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин әкімдіктерге алдағы маусымаралық кезеңде ерте пісетін және күзгі көкөністерді жеткізу үшін келісімге отыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #баға #экономика #нарық #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика