конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайынды...

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы 98%-ға жетті

Әлеумет Бүгін 11:29 37
Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы 98%-ға жетті
Primeminister.kz

Бүгінгі таңда 14 618 автономды қазандық дайындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады.

Министрдің мәліметінше барлық өңірлерде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 10 913 білім беру нысанының он 10 693-і дайын, бұл 98%-ды құрайды. 8 өңірде дайындық көрсеткіші 100%-ға жетті. Жоспардан Алматы  мен Ақтөбе облыстары қалып отыр.

Денсаулық сақтау нысандары бойынша да осындай жағдай қалыптасқан. Бүгінгі таңда дайындық 98%-ға жетті, яғни 5 394 нысанның 5 281-і дайын. 6 өңірде дайындық көрсеткіші 100%-ға жетті. Төмен көрсеткіш Шымкент пен Алматы қалаларында байқалуда.

Тұрғын үйлер бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары 51 391 үйде аяқталды, бұл жоспардың 96%-ын құрайды. Түркістан облысында тұрғын үй қорының дайындығы толық қамтамасыз етілді. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тұрғын үйлердің дайындық деңгейі төмен.

«Өңірлерде инженерлік инфрақұрылымға да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 1 808 шақырым сумен жабдықтау желісінің 1 303-і жөнделген. Бұл жоспардың 72%-ын құрайды. Жөндеу жұмыстары 6 өңірде толық аяқталды. Төмен көрсеткіштер Алматы, Жамбыл облыстарында орын алып отыр. Су бұру желілері бойынша жоспардың 74%-ы, яғни жоспарланған 306 шақырымның 225 шақырымы орындалды», — деді министр.

Жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Министрлік тарапынан автономды қазандықтардың дайындығына мониторинг жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда 14 618 автономды қазандық дайындалды, бұл 98%-ды құрайды. 6 өңірде нысандардың дайындығы 100%-ға жетті. Төмен көрсеткіш Алматы мен Шымкент қалаларында. Автономды қазандықтарға арналған көмір дайындығы 69%-ды құрайды, мазут қоры 88%-ға, дизель отыны – 93%-ға дайындалды.

Коммуналдық қызметтерді тұрақты көрсетудің маңызды шарттарының бірі – тұтынушылардың берешегін өтеуі. Бүгінгі таңда заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешегі шамамен 19 миллиард теңгені құрайды. Ең жоғары берешек Алматы қаласында қалыптасқан.

Дебиторлық берешектің жоғары болуы табиғи монополиялар субъектілеріне бекітілген инвестиция бағдарламасын толық іске асыруға мүмкіндік бермейді. Алдағы жылыту маусымына уақытылы және сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктерге:

  • 1 қыркүйекке дейін білім беру нысандарының толық дайындығын қамтамасыз ету;

  • қыркүйектің соңына дейін сумен жабдықтау және су бұру желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау;

  • коммуналдық қызметтер тұтынушыларының қолданыстағы дебиторлық берешегін өтеу жұмысын күшейту;

  • орталық, солтүстік, шығыс өңірлер мен Астанада 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету қажет.

Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар Министрліктің қатаң  бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет отырысы #Жылыту маусымы #Әлеуметтік нысандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2027 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр

Бүгін 12:03

Алматыда қыркүйекте-ақ шық түсіп, үсік шалуы мүмкін

Бүгін 11:17

Жылыту маусымына дайындық: энергия нысандарын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:04

Алматыда алғаш рет FIBA Азия кубогы – 2029 турнирінің алдын ала іріктеу матчтары өтеді

Бүгін 10:48

Өңірлердің жылу беру маусымына дайындығы талқыланды

Бүгін 10:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);