Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заңды баға белгілеу - әрбір бизнес субъектісінің міндеті

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заңды баға белгілеу - әрбір бизнес субъектісінің міндеті Алматы әкімдігі

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі – Департамент) барлық ірі сауда объектілерінде, сауда желілерінде, супермаркеттерде, сауда базарларында, сондай-ақ үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін сақтау бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына талдау жүргізеді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 204-4-бабына сәйкес, Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, супермаркет Carefood, «Food Beverage Trading» ЖШС, «Airba Fresh» ЖШС,  «Good Luck Trade» ЖШС,  «Mix Market Trade» ЖШС және басқа да кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижелері бойынша 420-дан астам кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы: ҚР ӘҚБтК 204-4-бабының 2-бөлігіне сәйкес, «Метро»  ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Метро Кэш энд Керри» ЖШС Департамент шығарған әкімшілік шешімге барлық сот инстанцияларында, соның ішінде кассациялық тәртіппен шағымданды, бірақ нәтиже болмады, өйткені Департаменттің әрекеттері заңды.

Айта кету керек, «Метро» сауда желісі белгіленген сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке бірінші рет тартылып отырған жоқ. Бұған дейін 2024 жылы «Метро Кэш энд Керри» ЖШС сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын, сондай-ақ, Департаменттің әкімшілік шешіміне сот тәртібімен шағымданды, нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне талаптарды қанағаттандырудан, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен бас тартылды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының «Small» және «Toimart» сияқты ірі сауда желілері сауда үстемесінің 15% асқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департамент мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру бойынша кешенді іс-шараларды өткізген кезде, SMALL сауда желісін сот ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша, мемлекеттік бақылау функцияларын орындауы кезінде Департаменттің лауазымды тұлғаларына кедергі келтіргені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазіргі уақытта үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

Кәсіпкерлік субъектілерінің назарын Департамент «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтауға тұрақты негізде талдау жүргізетініне аударамыз, осыған байланысты сауда қызметін реттеу туралы заңнаманы қатаң сақтауды сұраймыз.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:38

17:35

17:30

17:25

17:01

16:45

16:27

16:20

15:55

15:27

15:13

15:05

14:53

14:42

14:23

14:05

12:28

12:11

11:49

11:43

11:34

11:13

11:00

10:48