AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік кодекс 1 шілдеден бастап жүзеге асады

Әлеуметтік кодекс 1 шілдеден бастап жүзеге асады

Әлеумет 27.06.2023, 07:53 934
Әлеуметтік кодекс 1 шілдеден бастап жүзеге асады
Сурет: KZgovernment

Кодекстің маңызды жаңалығының бірі – зейнетақыны кезең-кезеңмен арттыру.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін жаңа Әлеуметтік кодекстің нормаларын іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Премьер-Министрдің айтуынша, жаңа Кодексте ұсынылып отырған шаралар әлеуметтік қорғау жүйесін халықаралық стандарттарға сай қайта ретке келтіруге мүмкіндік береді.



«Осылайша, әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша барлық заңнама бір жүйеге келтірілді. Әлеуметтік кодексте күші жойылған 10 заңның негізгі нормалары сақталды. Сонымен қатар бірқатар жаңа ереже қарастырылған. Олардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған», - деді Әлихан Смайылов.



Үкімет басшысының айтуынша, Кодекстің маңызды жаңалығының бірі – зейнетақыны кезең-кезеңмен арттыру. Мәселен, биылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға өсетін болады. Яғни, 2 млн-нан астам зейнеткер осы қолдау шараларымен қамтылмақ. Жалпы қабылданып жатқан шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар Премьер-Министр енді азаматтар өздерінің зейнетақы активтерінің 50%-ын сенімгерлік басқаруға беруге құқылы екенін айтты. Жинақтардың қалған бөлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалады.



«1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағы 14,5%-ға ұлғаяды. Жалпы өсім 23%-ды құрайды. Мүгедектік медициналық мекемелерге міндетті түрде бармай-ақ және растау алмай-ақ, проактивті түрде белгіленетін болады. Қорытындыны тәжірибелі дәрігерлерден құралған тәуелсіз сарапшылар береді», - деді Әлихан Смайылов.



Оған қоса балалы отбасыларды қолдау үшін Алтын алқа, «Ана даңқы» және «Батыр Ана» наградаларымен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері сараланды. Еліміз бойынша 90 мыңға жуық ана жоғары жәрдемақы алады.


Қорытындылай келе, Үкімет басшысы жәрдемақыларды арттыруды, олардың уақытылы әрі толық көлемде тағайындалуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кодекс #үкімет #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);