AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры «ALMATY TH...

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры «ALMATY THEATRE FESTIVAL» фестиваліне «Ортеке» спектаклімен қатысады

Мәдениет Бүгін 16:11 36
Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры  «ALMATY THEATRE FESTIVAL» фестиваліне  «Ортеке» спектаклімен қатысады
Қуыршақ театры баспасөзінен

2026 жылдың 19 қараша күні сағат 15:00-де Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының сахнасында «ALMATY THEATRE FESTIVAL» республикалық театр фестивалі аясында «Ортеке» спектаклі көрсетіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сторителлинг жанрындағы туындының авторы әрі режиссері – Григорий Лайко.

2026 жылдың 15-20 қараша аралығында Алматы қаласында өтетін фестиваль «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдық шығармашылық белесіне арналады. Өнер мерекесін Алматы қаласының әкімдігі, қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры және Қазақстанның «Театр сыншыларының бірлестігі» ұйымдастырады.

Фестивальдің негізгі мақсаты – отандық театр өнеріндегі қазіргі көркемдік ізденістерді саралау, режиссерлік, актерлік және сценографиялық шешімдерді кәсіби тұрғыда талқылау, театрлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту. Бағдарлама аясында еліміздің театрлары түрлі жанрдағы спектакльдерін ұсынады. Сондай-ақ «Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Фестиваль бағдарламасына енген «Ортеке» спектаклі қазақтың дәстүрлі қуыршақ өнерін, халық аңыздары мен ұлттық музыканы бір сахнада тоғыстырады. Ортеке – қазақ халқының көне дәуірден жеткен асыл мұрасы әрі қайталанбас қуыршақ өнері. Домбырадан күй төгілгенде ағаштан ойылған шағын теке жан біткендей қимылдап, билей жөнеледі.

Спектакльде аңызға айналған сал-серілер көрерменді қазақтың ғажайып ертегілері мен халық аңыздары әлеміне жетелейді. Әңгіме мен әуен сабақтасып, Ортеке өнерінің өзіндік болмысын аша түседі.

Домбыра, қобыз, сыбызғы және өзге де ұлттық музыкалық аспаптардың жанды үні сахнада ерекше әсерлі атмосфера қалыптастырады. Қуыршақтардың қимылы мен актерлердің ойыны арқылы ұлттық мұраның көркемдік сипаты заманауи сахна тілінде ұсынылады.

«Ортеке» – ұлттық рухты оятып, дәстүрдің құндылығын айшықтайтын туынды. Театрдың фестивальге қатысуы дәстүрлі қуыршақ өнерінің бүгінгі сахнадағы мүмкіндіктерін таныстыруға және осы бағыттағы шығармашылық ізденістерді кәсіби ортада талқылауға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жылда жаңа цифрлық құралдар 300 мыңнан астам балаға көмек көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 16:18

Құрылтай депутаттарының қатысуымен Қазақстанда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар кеңейтілді

Бүгін 16:13

Құрылтай алғашқы Үкімет сағатын балалар мәселесіне арнады

Бүгін 16:10

eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

Бүгін 15:09

Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);