AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Құрылтай депутаттарының қатысуымен Қазақстанда инк...

Құрылтай депутаттарының қатысуымен Қазақстанда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар кеңейтілді

Құрылтай Бүгін 16:13 21
Құрылтай депутаттарының қатысуымен Қазақстанда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар кеңейтілді

Бұл бұйрықтың артында 200 мыңнан астам баланың тағдыры тұр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда инклюзивті білім беру мәселелері бойынша бұйрықты қабылдау кезінде Құрылтай депутаттарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту жағдайларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстары ескерілді. Бұл туралы Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Зәкиева «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыруға арналған Үкімет сағатында мәлімдеді.

Бұйрықтың бастапқы жобасын қарау барысында депутаттар жеткілікті деңгейде ескерілмеген бірқатар маңызды мәселені анықтады.

Атап айтқанда, арнайы кабинеттер ашудың нақты шарттарын бекіту, педагог-ассистенттердің міндеттерін айқындау, сондай-ақ педагогтерді мінез-құлықты түзету мәселелері бойынша оқытуды қарастыру ұсынылды.

Оқу-ағарту министрлігі депутаттардың ұсыныстарын ескеріп, тиісті бұйрықты қабылдады.

– Бұл бұйрықтың артында 200 мыңнан астам баланың тағдыры тұр. Бұл – біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі, – деп атап өтті Динара Зәкиева.

Жалпы, Құрылтай депутаттары «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы 66 міндеттің 12-сі бойынша ұсыныстар берді. Олар міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жылда жаңа цифрлық құралдар 300 мыңнан астам балаға көмек көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 16:18

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры «ALMATY THEATRE FESTIVAL» фестиваліне «Ортеке» спектаклімен қатысады

Бүгін 16:11

Құрылтай алғашқы Үкімет сағатын балалар мәселесіне арнады

Бүгін 16:10

eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

Бүгін 15:09

Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);