AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік инспекторлар жоспардан тыс 196 тексеру...

Әлеуметтік инспекторлар жоспардан тыс 196 тексеру жүргізді

Әлеумет 25.09.2023, 06:51 1,352
Әлеуметтік инспекторлар жоспардан тыс 196 тексеру жүргізді
gov.kz

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 347-ден астам тексеру жүргізді


ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 347 тексеру жүргізіп, оның 151-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 196-cы жоспардан тыс тексерулер болды.



Мемлекеттік бақылаумен: 54 мектеп, колледждер мен балабақшалар, 44 жергілікті атқарушы органдардың облыстық және аудандық бөлімдері, 65 басқарма және жұмыспен қамту бөлімдері, 15 дүкен, 5 сауда орталығы, 16 медициналық-әлеуметтік мекеме, 9 емхана, аурухана және дәріхана, 5 халықты талқылау орталығы, 2 банк бөлімшесі, 3 Қазпошта бөлімшесі, 3 кәсіпорын, 1 фитнес-клуб, 4 санаторий, 2 кафе, 2 шаштараз және т. б. қамтылды.



Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапасыз ұсыну және Small сауда объектілерінде көру функциялары бұзылған адамдар үшін ақпараттық құралдардың болмауы фактілері анықталды. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.



Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының Талғар аудандық жер кадастры және тіркеу бөліміне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.



Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Инспектор #мүгедек #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);