Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал т...

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 1,2-ден астам тексеру жүргізді

Әлеумет 26.04.2024, 12:31 891
Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 1,2-ден астам тексеру жүргізді
Сурет: Gov.kz

ҚР Әлеуметтік кодекс қолданысқа енгізгелі 2023 жылғы 1 шілдеде елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді, оның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.


2024 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1201 тексеру жүргізді, оның 269-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 668-і прокуратураның талабы бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 57, дәріханалар – 10, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 34, ДК – 21, мектептер – 650, дүкендер – 9, жергілікті атқарушы органдар басқармалары – 26, мәдениет үйлері – 6, мұрағат, мұражайлар – 6, банк филиалы – 4, балабақшалар – 1, колледждер, лицейлер – 3, кафе, мейрамханалар, қонақ үйлер – 3, нотариус – 1, мемлекеттік мекемелер – 10, ауруханалар мен емханалар – 15, санаторийлер – 2, сауда үйлері – 7, қазпошта филиалдары – 3, полиция пункттері – 3, стоматология – 2, оңалту орталықтары – 2, автобус паркі – 1, кітапхана – 1, БЖСМ – 1 және басқалар.


Осылайша, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша дәріхана мен сауда үйіне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.


Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.


Мәселен, Жетісу облысының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Вадим Друзиннің айтуынша, меншік иелері нысандарды құрылыс нормаларына сәйкес келтіруге тырысуда.


«Көптеген кәсіпкерлер, сол сияқты мемлекеттік мекемелер мүгедектігі бар адамдардың шағымдары мен ұсыныстарын ескере отырып, кіреберістерді қайта қарауда. Назарбаев к-сі, 81 мекенжайында орналасқан «ГУМ» сауда үйіне барған кезде ол мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімділігіне таң қалды. Сондай-ақ жақында KMF Банктің бөлімшесіне барды, онда кіреберістер қайта жаңартылып, кіру алаңы кеңейтілді, кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы касса, тактильді тақтайшалар мен көрсеткіштер орнатылды. Бұл қала тұрғындары, оның ішінде біздер көп баратын орындар», – деді ер адам.


Сонымен қатар, ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2024 жылғы 1-тоқсанда 854 тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 372 ұйғарым берді, 81,2 млн теңгеден астам сомаға 344 айыппұл салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік инспекторлар #Әлеуметтік осал топтар #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика