конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемге дипломатия мен диалог қажет

Әлемге дипломатия мен диалог қажет

Әлем 24.09.2024, 13:35 1,437 yakiya
Әлемге дипломатия мен диалог қажет
интернет

22-23 қыркүйек күндері Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде «Болашақ саммиті» өтті. 

Бұл шара ұйым үшін келесі ұрпаққа арналған маңызды оқиға ретінде қарастырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Саммитте сөз сөйлеген спикерлердің бірі – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу болды. «Орда» БҰҰ мінберінен айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынады.

Ең алдымен, орта мемлекеттердің даусының маңыздылығы туралы сөз қозғалды. Жақында ғана Қазақстанды осы мемлекеттер қатарына қосқан болатын.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, орта мемлекеттер мен дамушы елдердің даусы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде күшейтілуі және анық естілуі керек. Геосаяси тұрақсыздық пен экономикалық белгісіздік кезеңінде әлемге дипломатия мен диалог қажет», - деді Нұртілеу.

Сыртқы істер министрі Қазақстан үшін өте өзекті мәселе — тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын да қозғады:

«Әділетті Қазақстанды құру — негізгі мақсатымыз, және біздің еліміз өлім жазасын алып тастады, азаптаулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа абсолютті төзімсіздік саясатын енгізді, сондай-ақ ұлттық алдын алу механизмін күшейтті».

Министр сонымен қатар климат мәселелерін де атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ тұрақты даму орталығын құру туралы ұсынысын еске салды. Бұдан бөлек, Нұртілеу Қазақстанның ядролық қарусыздану мәселесіндегі ұстанымын айтты:

«Мұрат Нұртілеу халықаралық қауымдастықты болашақта ядролық апаттың алдын алу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды»,-деп хабарлады СІМ сайты.

Қазақстан атынан министр «Болашақ саммитінің» үш негізгі құжатын — Болашақ Пакті, Жаңа Ғаламдық сандық келісім мен Болашақ ұрпақтарға арналған декларацияны қолдайтынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұрат Нұртілеу #СІМ #саммит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Конституция – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болса, домбыра – халықтың мәдени коды

Бүгін 10:38

Евгений Мұхамеджанов: «Жаңартылған конституцияда экология басты басымдықтың біріне айналды»

Бүгін 10:36

Бүгін Алматыда «Біз – біртұтас Қазақстан халқы!» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 10:33

Ғани Нығыметов: «Жаңартылған конституцияның басты басымдығы – адам, білім мен ғылым»

Бүгін 10:31

Жаңартылған конституция қазіргі заманның үдесінен шығады

Бүгін 10:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);