ffin.kz

Әлемдегі коронавирус жаңалықтары

Әлемдегі коронавирус жаңалықтары Сурет:Тengrinews.kz

Өткен аптада Еуропа өңірінде індет жұқтырғандар 3 миллионға жуықтаған.


Бұл - әлемдегі вирус жұқтырғандардың жартысы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирустың «омикрон» штаммының кіші нұсқаларынан туындаған COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады және Еуропа елдерін вакцинация мен бетперде тағуға қатысты жедел шаралар қабылдауға шақырды.


Оның айтуынша, соңғы алты аптада Еуропа өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының саны үш есе өсті, ал өткен аптада 3 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелді, бұл әлемдегі барлық жаңа инфекциялардың жартысына жуығын құрайды. Ханс Клюге суық ауа райы жақындаған сайын COVID қарқынды таралатындығына да алаңдаушылық білдірді.



«Бүгін ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы инфекцияның алдағы толқындарына дайындалуға көмектесу үшін коронавирус және басқа да тыныс алу вирустарымен күресудің күзгі-қысқы стратегиясын жариялады. Әрекет ету үшін күздің келуін күтсек, тым кеш болады», - деді бюро директоры.



Стратегия, атап айтқанда, халықты вакцинациямен қамтуды ұлғайтуды, «үй-жайларда және қоғамдық көлікте бетперде тағуға ынталандыруды», жабық үй-жайлардың желдетілуін күшейтуді көздейді.


Калифорния университетінің дәрігері коронавирустың BA.5 омикрон-штаммы көбінесе тесттермен анықталмайтынын, олар жалған теріс нәтиже беретінін мәлімдеді. Бұл оны ерте кезеңде диагностикалауды қиындатады. Оған тамақтың қатты ауруы тән. 


Дәрігер бұл штамм ең жұқпалы болуы мүмкін екенін атап өтті. Контагиоздігі бойынша ол басқа штамдардан кем дегенде 20%-ке асып түседі.



Вирус неғұрлым жұқпалы болса, оны, әсіресе, көпшілік арасында жұқтыру оңай. Сарапшылар адамзат коронавирус адамдармен мәңгі қалады деген ойға үйренуі керек, сондықтан коронавирус инфекциясының барлық жаңа кіші түрлеріне ұшырамау үшін оларды вакцинациялауға шақырады.



Жапондықтардың жартысынан көбі коронавирустың жетінші толқынына байланысты шектеулер енгізуді жақтайды.


Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 22%-і шектеулерді қолдады, тағы 35%-і белгілі бір дәрежеде осы қажеттілікпен келісті. 13%-і шектеулерге мүлдем қарсы, 24%-і белгілі бір дәрежеде қарсы.


Сауалнама 16 шілдеден бастап үш күн ішінде 1216 адам арасында телефон арқылы кездейсоқ компьютерлік іріктеу әдісімен жүргізілді.


Соңғы бірнеше күнде Күншығыс елінде ковидтің жаңа жағдайларының саны бойынша 100 мыңнан асып кету бірнеше рет тіркелді. Өткен сенбіде инфекциялар саны бойынша жаңа күндік антирекорд орнатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51