Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемдегі ең үлкен шөл Сахарада қар жауды

Әлемдегі ең үлкен шөл Сахарада қар жауды

Әлем 13.03.2026, 11:36 242
Әлемдегі ең үлкен шөл Сахарада қар жауды
Bild

Әлемдегі ең ірі шөл Сахарада сирек кездесетін табиғи құбылыс тіркеліп, құм арасын қар басты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Сахара шөлінде қар жаууы тағы да көпшілікті таңғалдырды. Сирек кездесетін бұл құбылыс 10–11 наурыз күндері Солтүстік Африкаға ылғалды ауа массаларының келуімен байланысты болды. Синоптиктердің мәліметінше, Пиреней түбегінен ойыс аймақ жылжып келіп, өңірге ылғал әкелген, ал оның суық ауа ағындарымен түйісуі қысқы ауа райын қалыптастырған.

Қар негізінен Атлас таулары мен биік аймақтарға түскен. Алайда шөл жиегінде де ақ ұлпа қар байқалған. Weather.com дерегінше, дәл осы Атлас жоталары маңында Жерорта теңізінен келген ылғалды ауа биіктегі суық ауа қабаттарымен соқтығысып, тіпті шөлге жақын аумақтарда да қардың түсуіне жағдай жасайды.

Мамандар мұндай құбылыс өте сирек болатынын айтады. Кей мәліметтерге қарағанда, Сахара маңындағы мұндай қар шамамен он жылда бір рет қана байқалады.

Дегенмен шөлдегі қар ұзақ жатпайды. Қазірдің өзінде Солтүстік Африкада күн қайта ашылып, ауа температурасы көтерілген. Соған байланысты қар жамылғысы тез еріп, алдағы күндері шөлде қар күтілмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика