AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемде секунд сайын бір жүк көлігіндей пластик қоқ...

Әлемде секунд сайын бір жүк көлігіндей пластик қоқыс тасталады

Әлем 06.06.2023, 09:36 1,339
Әлемде секунд сайын бір жүк көлігіндей пластик қоқыс тасталады
Сурет: Mir24.tv

Әлемнің 180 елі пластик қоқысты азайту бойынша бірлескен жоспар құруда


Франция астанасында әлемнің 180 елі пластик қоқысты азайту мәселелерін талқылауда. Құжаттың өзін 2024 жылдың соңына таман қабылдау көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz-тің ақпараты бойынша, Париждегі кездесу жер шарымызда пластик қалдығын азайтуды көздеген әлем елдерінің екінші басқосуы болды. Шараға қатысушылар 2040 жылға дейін дүние жүзін пластик қалдықпен ластауды 80 пайызға дейін азайтуға ниетті. БҰҰ келешек шартты Париж келісімінен кейінгі ең маңызды құжат деп отыр.



«Уақыт аз. Біз пластиктердің қоршаған ортаны ластауын тоқтату үшін тез қимылдауымыз қажет. Әйтпесе тым кеш болады. Бұл істе ынтымақтасып әрекет ету өте маңызды», - дейді үкіметаралық келіссөз комитетінің атқарушы хатшысы Джиоти Матур-Филипп. 



Ал әлемде әр секунд сайын қоршаған ортаға 1 жүк көлігіндей пластик қоқыс тасталады екен. Егер ластау осы қарқынмен жалғасса 2050 жылға таман қалдықтан ауаға парниктік газдың тарауы 6,5 гигатонға жетеді. Сол себепті сарапшылар пластик құтыны өңдеу, қайта пайдалану және экологиялық материалдармен алмастыру арқылы күресуді ұсынып отыр. 



«Біз пластик өнімдерді өндіру, пайдалану және қоқысқа тастауға дейінгі барлық кезеңді реттейтін ауқымды құжатты қабылдауға шақырамыз. Бұл мұхиттар мен теңіздердің ластануын алдын алуға мүмкіндік береді», - дейді БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының атқарушы директоры Ингер Андерсен.



Кей мемлекеттер өңдеуге келмейтін пластик түрлерін шығаруға тыйым салуды қалайды. Бірақ мұнай-химия саласы кеңінен дамыған АҚШ, Сауд Арабиясы сияқты елдер оларды қайта өңдеуге басымдық берілу керек дейді. 



«Экономикасында пайдалы қазбаларды игеру маңызды рольге ие елдер бар. Біз бұл мемлекеттер қоршаған орта мен адамдардың денсаулығын қорғау үшін қажетті шешімдер қабылдайды деп үміттенеміз», - дейді Greenpeace ұйымының өкілі Мариан Ледесма.



Құжатты талқылау алдағы уақытта жалғасады. Келер басқосу қараша айында Кения астанасы Найробиде өтеді. Онда тараптар әр елдің пластиктен жасалатын өнімдерге қатысты ұстанымын қарастыруды жоспарлап отыр.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Пластик #қоқыс #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);