AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әлем кубогінде Әсем қарсылас шақ келтірмеді

Әлем кубогінде Әсем қарсылас шақ келтірмеді

Спорт 24.11.2023, 03:21 1,377
Әлем кубогінде Әсем қарсылас шақ келтірмеді
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем кубогінде отандасымыз Әсем Орынбай барлық қарсыласынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Ұлттық құрама спортшысы стенд атудың скит бағдарламасының финалында 51 ұпай жинап, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Күміс жүлдені 50 ұпай алған италиялық мерген Кьяра Ди Марциантонио иеленсе, қола медаль Дания Джо Вицциге (АҚШ) бұйырды. Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы бағдарламада бақ сынаған 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.


«Әсем Орынбайды Әлем кубогі жарысындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Әсем үшін өте табысты маусым болды. Мәселен, ол Қытайдағы Азия ойындарында екі алтын, бір қола медаль жеңіп алса, міне арада көп уақыт өтпей Әлем кубогінде қарсылас шақ келтірмеді. Бұл – тамаша көрсеткіш. Отандасымыз алдағы байрақты бәсекелерде де жанкүйерлерін қуантып, үздіктер қатарынан көрінетініне сенімдімін. Нысана көздеудегі бұл жеңіс осы спорт түрімен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады», - деді Ермек Маржықпаев.


Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) мұндай финалды араға 4 жыл салып ұйымдастырып отыр. Бәсекеде 42 елден келген 179 үздік мерген бақ сынап жатыр. Қазақ мергені қазір ISSF рейтингінде 7-орында келе жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Нысана #көздеу #Әсем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Кеше 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Кеше 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Кеше 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Кеше 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Кеше 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);