AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен...

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен құттықтады

Әлем Бүгін 09:39 30
Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақорданығ ақпаратына сәйкес, Ресей Президенті Владимир Путин жеделхатында екі ел арасындағы ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өткен.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық сипатына ие. Бұл байланыстар қос халықтың игілігі үшін және Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мүддесіне сай алдағы уақытта дәйекті түрде дами түсетініне кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысы мен қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың деніне саулық, еңбегіне табыс тіледі.

"Былтыр Сізбен екі мәрте кездестік. Біз екіжақты қарым-қатынас пен түрлі саладағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестіктің жаңа даму кезеңіне жедел қадам бастық. Мен өзара саяси сенімді тереңдетуге, сан қырлы ықпалдастықты нығайтуға және тағдыры ортақ Қытай-Қазақстан қоғамдастығын одан әрі дамытуға әрі іске асыруға Сізбен бірге күш жұмылдыруға әзірмін", – деп жазды Қытай көшбасшысы.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ерте заманнан келе жатқан мереке екі ел арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етіп, өзбек-қазақ халықтарының тұрмыс-тіршілігіндегі айтулы күн деп санайды.

"Жоғары деңгейдегі диалогты жандандырудың және бірлескен күш-жігердің арқасында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара құрмет пен қолдауға негізделген стратегиялық қарым-қатынас пен одақтастық жоғары сапалы деңгейге көтерілді. Алдағы уақытта да осы бағыттан айнымаймыз деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевтың аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

"Біздің озық мәдениетіміз бен игі дәстүрлерімізді ұлықтайтын осынау көктем мерекесі халықтарымыздың достығын бекемдеп, құт-береке әкелсін", – деп жазған Қырғыз Президенті.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Мемлекет басшысы мен бауырлас Қазақстан халқына жылы лебізін жолдады.

"Көнеден келе жатқан мейрамның ізгі дәстүрлері Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтып, қос халықтың игілігі үшін жаңа мазмұнмен байи береді деп ойлаймын", – деді Тәжікстан басшысы.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Наурыз мерекесіне орай ақжарма тілегін жеткізді.

"Адамзаттың бай мәдени мұрасының ажырамас бір бөлігі саналатын, сондай-ақ ізгілікті насихаттайтын наурыз мерекесі халықтар арасындағы достық пен бірлікті күшейте түседі. Аталған айрықша мереке Сізге және халқыңызға бақыт, қуаныш пен табыс сыйласын", – деді Сердар Бердімұхамедов.

Мемлекет басшысын сонымен қатар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев құттықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #наурыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күнін қазақстандықтар қалай тойлайды?

Бүгін 10:02

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 08:39

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика