Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлем бойынша КВИ инфекциясының таралу қарқыны төме...

Әлем бойынша КВИ инфекциясының таралу қарқыны төмендемей отыр

Әлем 23.08.2021, 18:00 1,293
Әлем бойынша КВИ инфекциясының таралу қарқыны төмендемей отыр
Сурет: Kt.kz

Бай мемлекеттер КВИ-ға қарсы үшінші екпе салуды бастауы ықтимал. 


Әлем мемлекеттері коронавирус инфекциясымен күресті жалғастырып жатыр, алайда бұл аурудың қарқыны төмендемей тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстандағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 


Иран 


Иран Ислам Республикасында 17 тамыз күні абсолютті антирекорд - аурудың 50 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелген болатын. Өткен тәулікте 36 419 жаңа факті қосылды. Жалпы алғанда, жұқтырғандар саны 4 677 114-ке жетті, 102 038 адам қайтыс болды. Ел Президенті Эбрахим Раиси жаңа Үкіметтің негізгі міндеттері коронавирусқа қарсы вакцинация және медициналық көмекті жақсарту болады деп мәлімдеді. Қазір ел халқының тек 6%-ы COVID-19 вакцинасының екі дозасын алды. 


Индонезия 


Қайғылы көрсеткіш. Индонезия COVID-19-дан өлім-жітім саны бойынша әлемде 1-орынды сақтап отыр. Антирекорд 19 тамызда орнатылды - бір күнде індет 1 492 тұрғынның өмірін қиды. Ал қаза болғандардың жалпы саны 123 981-ге жетті. Индонезиядағы адам қазасының жоғары деңгейі «дельта» штаммының таралуына байланысты. Ел билігі Ұлттық қоныстану және отбасын жоспарлау агенттігінен жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялануға ынталандыруды сұрады. 


Австралия 


Австралияның ең үлкен қаласы коронавирустық инфекцияның өршуін жеңе алмады. Сидней мен оның айналасындағы жағдай апатты сипатқа ие болды. Билік жаңа шектеулерді енгізуде, ал COVID-19 ауруы бойынша сандар күн санап өсуде. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының Премьер-министрі Глэдис Бережиклян тұрғындарды жаңа ковид-шындыққа бейімделуге шақырды.



"Біз планетадағы әлі де локдаун күйінде өмір сүріп жатқан ұлттардың біріміз. Біз шекараларды аша бастаған сәтте, әр штатта аурудың өршуі орын алады, біздің мақсатымыз - адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету", - деп түсіндірді Бережиклян. 



КХДР  


Еуропа пандемиямен күресте Солтүстік Кореяға қолдау көрсетеді.Германия коронавирустың таралуына қарсы тұруға көмектесу үшін мамандар жібереді. Пандемия жарияланғаннан бері Пхеньян шекараны жауып, азаматтардың еркін қозғалысын шектеді.  КХДР - жабық ел. Тамыз айының басындағы мәліметтерге сәйкес, 35 мыңнан астам адам коронавирусқа тест тапсырды, бірақ инфекция туралы хабарланған жоқ. Соған қарамастан, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі комитеті Германияның Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыру туралы өтінімін мақұлдады.


Швеция


Швеция коронавирусқа қарсы үшінші екпе салуды бастауы ықтимал. Стокгольм әкімшілігі ел Үкіметінен қарттар үйіндегі және COVID-19 қауіп-қатер тобындағы азаматтарды қалай және қашан қайта вакцинациялауды бастайтыны туралы ақпарат беруді талап етті. Бұл Швецияда коронавирустық инфекцияның көбеюіне байланысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Бүгін 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Бүгін 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Бүгін 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика