AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алдағы үш жылда 28 сейсмикалық станция орнатылады

Алдағы үш жылда 28 сейсмикалық станция орнатылады

Өмір-өзен 16.11.2022, 06:38 1,724
Алдағы үш жылда 28 сейсмикалық станция орнатылады
Сурет: Уandex.kz

Тоқаев Алматыда жер сілкінісін болжау бойынша тапсырма берді


Президент оларды Қырғызстанның дабыл жүйесімен біріктіруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтты.



«Алматы үшін жер сілкінісін дәл болжау және олар туралы ерте хабарлау өте маңызды. 2025 жылға дейін 28 сейсмикалық станцияны орнатуды аяқтауды, кейін оларды Қырғызстанның хабарлау жүйесімен интеграциялауды тапсырамын. Сонымен қатар, қалада төтенше жағдайлар туралы дауыстық хабарламаларды жіберу мүмкіндігі бар біріктірілген ескерту жүйелерінің жұмысын жолға қою керек», - деді Мемлекет басшысы.



Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке бейнебақылау жүйелері, жол қозғалысы, қоңырау шалу белсенділігі және әлеуметтік инфрақұрылым деректерін біріктіретін ахуалдық орталық қызметін толықтай іске қосу қажет екенін атап өтті.


Қаланың «цифрлық егізін» құру идеясы ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи трендтерге және озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.



«Қыркүйектегі Жолдауымда әр қала үшін жер телімдерінің функционалдық интерактив картасын және инженерлік желілер схемаларын жасауды тапсырған болатынмын. Алматыда бұл нұсқау «цифрлық егізді» дамыту және қаланың бас жоспарын жаңарту аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар бір-бірімен ұштасып жатқаны жүйелі көзқарастың жақсы үлгісі. Жалпы, бұл менің жақын болашақта қаланы дамытудың негізгі басымдықтары туралы көзқарасым», - деді Мемлекет басшысы.



Президент бүгін айтылған барлық тапсырма мен жобалар бірінші кезекте алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық әлеуетті нығайтуға және қаланың тартымдылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сейсмика #Станция #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);