AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алдағы үш ай көлемінде елдегі үздік 100 кітап анық...

Алдағы үш ай көлемінде елдегі үздік 100 кітап анықталады

Мәдениет 23.04.2025, 16:17 771 dulatbekova
Алдағы үш ай көлемінде елдегі үздік 100 кітап анықталады
Сурет: жасанды интеллект

Астанадағы ҚР Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair-2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Кітап көрме-жәрмеңкесінің ұйымдастырушысы – «Фолиант» баспасы», деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Түркия, Испания, Иран, Өзбекстан, Португалия және Қытай елдерінен 70-ке жуық баспа, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысуда.

Көрменің басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап нарығындағы жаңа өнімдерді көпшілікке таныстыру, баспа ісіндегі заманауи технологияларды көрсету және халықаралық әріптестікті дамыту.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин келіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастама көтергенін атап өтті.

Президенттің бұл бастамасы қолдауға ие болып, биыл «Ұлттық кітап күнін» алғаш рет атап өтудеміз. Қазіргі қоғамның негізі үш тірегі – ғылым, мәдениет және білім. Осының аясында халық арасында жалпыұлттық сауалнама жүргіземіз деп шештік. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, таңдаулы 100 кітаптың тізімін жасақтаймыз. Оның мақсаты – азаматтарды авторларды, туындыларды талқылауға шақыру. Сауалнама eFov Mobile порталы арқылы жүргізіледі. Кез келген еліміздің азаматы порталға тіркеліп, өзінің 10 сүйікті таңдаулы кітабын ұсына алады. Кітаптардың жанры әртүрлі болуы мүмкін. Осылайша, зерттеу жүргізе отырып, ең үздік 100 кітапты жасақтаймыз. Сауалнама үш ай бойы жүргізіледі. Нәтижесі тамыз айында Абай күні қарсаңында белгілі болады, – деді ол.

Іс-шара аясында балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері, белгілі жазушылармен және ақындармен кездесулер мен автограф-сессиялар, баспа саласының мамандарына арналған кәсіби пікірталастар мен кездесулер, сондай-ақ балаларға арналған кітап оқу сессиялары, шеберлік сабақтары мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылған. Сонымен қатар қатысушылар үшін құнды сыйлықтар ойнатылады.

Көрменің дәстүрлі бөлігі болып саналатын «Жылдың үздік кітабы» байқауы мына номинациялар бойынша ұйымдастырылды: «Жыл кітабы», «Үздік дебют», «Үздік көркем әдебиет туындысы», «Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап» және «ТҮРКСОЙ-дың Гран-приі».

Айта кетейік, кітап көрмесі 23-27 сәуір күндері аралығында жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үздік 100 кітап #Қазақстан #анықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жексенбіде Қазақстанның үш қаласында ауа райы қандай?

Бүгін 11:49

Қазақстандық спортшы әлем кубогының суперфиналында тұғырға көтерілді

Бүгін 11:15

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:20

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Кеше 18:02

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);