Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы жылы қала маңына қатынайтын бағыттар көбейе...

Алдағы жылы қала маңына қатынайтын бағыттар көбейеді

Әлеумет 04.12.2023, 04:17 858
Алдағы жылы қала маңына қатынайтын бағыттар көбейеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағыт ашылады


Көлік байланысын жақсарту және қала маңы тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа маршрут ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұндай шешімді депутаттар Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясында қабылдады.


2023 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 10 жаңа маршрут ұйымдастыруды жоспарлаған, қазір оның 9-ы ашылды:



  • № 216 Талғар ауданы Дәулет кенті-Алматы 1 вокзалы

  • № 223 Туғанбай кенті, Нұра Талғар ауданы-Алматы 1 вокзалы

  • № 232 Сұлтан кешені, Тұздыбастау кенті-Алматы 2 вокзалы

  • № 233 Қарой кенті Іле ауданы - Саяхат автовокзалы

  • № 234 Еламан кенті-Жетісу базары

  • № 235 Исаев-Солтүстік айналма жолы Сәлем базары

  • № 236 Қарғалы кенті Жамбыл ауданы-Төле би Яссауи

  • № 240 Батыр кенті Іле ауданы-Адем СҮ

  • № 247 Мыңбаев кенті Жамбыл ауданы-Төле би Яссауи





№244 маршрутты тасымалдаушылардың жыл соңына дейін жаңа автобустар сатып алуына қарай ашу жоспарлануда.


Сонымен қатар, №9, №89, №97 жаңа қалалық маршруттар ашылды.


Қашықтыққа байланысты қолданыстағы 2 маршруттың схемасы бөлінді:


- №20 маршрут № 20 және № 58 маршруттарға бөлінген;


- №115 маршрут № 115 және № 136 маршруттарға бөлінген.


Сонымен қатар, жыл соңына дейін №27-маршрут №27, 76-маршруттарға бөлінеді, тасымалдаушылардың жаңа автобустар сатып алуына қарай ұйымдастыру жоспарлануда.


Алматы қаласының теміржол көлігі саласындағы әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы жолаушылар қатынастарының тізбесіне өзгерістер енгізілді. Мәселен, Алматы қаласы Мәслихатының шешімінде заңды нақтылау үшін қозғалыс атауы мен схемасы (Алматы-2 станциясына дейін ұзарту) «Қазыбек бек-Алматы-2-Қазыбек» болып өзгертіледі.


Естеріңізге салсақ, 2017 жылы «Алматы-1 ТЖ-Ұзынағаш станциясы-Алматы-1 ТЖ» бағытында әлеуметтік маңызы бар электр теміржол бағыты ұйымдастырылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 елді мекенді су шаюы мүмкін

Бүгін 10:25

Еліміздің көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Бүгін 10:19

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған қазақстандық Грузиядан әкелінді

Бүгін 10:03

Үкімет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қорының мүшелерімен кездесті

Бүгін 09:50

Биыл қанша адам әскерге барады?

Бүгін 09:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика