Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы айларда SIM-картаны дүкенде сату тоқтатылад...

Алдағы айларда SIM-картаны дүкенде сату тоқтатылады

Әлеумет 02.07.2025, 15:57 698
Алдағы айларда SIM-картаны дүкенде сату тоқтатылады
Сурет: Astanatv.kz

Ұялы телефон нөмірлерін сатып алу тәсілі өзгереді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оларды тек байланыс операторларының кеңселерінде және биометриялық тексеруден кейін ғана сатып алуға болады. Алайда енді ұялы байланыс нөмірлерін eGov порталы арқылы да сатып алуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Тиісті түзетулерді Цифрлық даму министрлігі әзірледі.

Министрлік жанындағы Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабеновтың айтуынша, қазір байланыс операторлары министрлікке өтініш береді, оларға нөмірлер жиынтығы (пул) беріледі, кейін бұл нөмірлерді қазақстандықтар сатып ала алады.

Министрлік телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынды.

"Біз бұл заң жобасында нөмірлерді тек операторлар желісі арқылы ғана емес, сондай-ақ eGov арқылы да тарату мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", – деді Олжас Кабенов құжатты жария талқылау кезінде.

Осылайша, қазақстандықтар алдағы уақытта өздеріне ұнаған ұялы байланыс нөмірін үйден шықпай-ақ онлайн түрде таңдап, рәсімдей алуы мүмкін. Алайда бұл туралы нақты айтуға әлі ерте: бұл - тек заң жобасы, ол әзірге талқылау кезеңінде. Бұл норма қабылдана ма, қашан күшіне енеді - әзірге белгісіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұялы #сим карта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09

Поляк фотографтары Алматыны әлемге объектив арқылы паш етіп жүр

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика