Жасөспірімдер оқыған шығармалардан алған әсерлерін бөлісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №11 түзеу мекемесінде «Кітап - ұлы қазына» тақырыбында кездесу өтті.
Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Азамат Нұғманұлының ұйымдастыруымен өткен рухани-танымдық кездесуде Мемлекет басшысының кітап оқитын ұлт қалыптастыру, жастарды білімге баулу жөніндегі бастамалары аясында жасөспірімдерге кітаптың адам өміріндегі маңызы түсіндірілді.
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға, жастардың рухани тәрбиесін жетілдіруге және білімге құштарлығын арттыруға ерекше мән беріп келеді. Кітап оқыған жас – кемел келешектің кепілі. Жас достар, кітап оқып жүрейік. Ол да бізге рухани дос бола алады, барлық жақсы құндылықты бойымызға жиып береді, - деді Азамат Нұғманұлы.
Кездесуде кітап оқуды дағдыға айналдырған жасөспірімдер оқыған шығармаларының мазмұнын баяндап, алған әсерлерін де бөлісті.