Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы 5 жылда Алматының 75%-ы 5G желісімен қамтыл...

Алдағы 5 жылда Алматының 75%-ы 5G желісімен қамтылады

Әлеумет 24.11.2022, 11:55 1,288
Алдағы 5 жылда Алматының 75%-ы 5G желісімен қамтылады
Сурет: Almaty.tv

Бағдат Мусин алматылықтармен кездесті.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы 5 жылда қаланың 75%-ын 5G желісімен қамтуды көздеп отыр. Бүгінде 5G базалық стансасы шаһардың 5 жерінде орнатылған. Сондай-ақ министрлік мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіруді мықтап қолға алған. Бүгін ведомство басшысы Бағдат Мусин алматылықтармен кездесіп, жұрттың сауалын тыңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv  cілтеме жасап.


Алматы халқымен кездескен Бағдат Мусин цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сөзінше, мемлекеттік қызметтердің 94%-ы электронды форматқа ауысқан. Бірнеше платформада 20 түрлі цифрлы құжат алуға болады. Енді еліміз проактивті жұмыс бағытына көшуі тиіс. Яғни бұдан былай азамат мемлекеттік қызметтерді алу үшін әр жерге барып, табан тоздырмайды, керісінше цифрлық қызметтер адамға бағытталады.



"Осындай форматқа 26 проактивті қызметті енгізіп жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз - келесі 7 жылдыққа цифрлық мемлекеттік қызметтерді 90% автоматтандыру емес, 90% проактивті форматқа көшіру", - деді министр.



Биыл қаланың халыққа қызмет көрсету орталықтары 2 млннан астам қызмет көрсеткен. Егер проактивті форматқа көшу сәтті жүрсе, 7 жылдан кейін жұрт халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп әуре болмайды. Сондай-ақ ведомство басшысы биыл құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге арналған «Е-Өтініш» платформасын іске қосқан.


Министрдің айтуынша, онда азаматтар смартфон арқылы арыз беріп, соттың шешіміне қатысты өз талабын жібере алады. Сол сияқты коммуналдық тұрғын үй бағыты да оңтайландырылады. Мәселен, пәтер сатылған кезде оның коммуналдық төлемдерін жаңа иесіне ауыстыруды тездететін тиімді тәсіл қарастырылып жатыр.



"Нотариус қол қойған кезде сіздің құжатқа біз сол ақпаратты сіздің келісіміңізді алып, содан кейін барлық квитанцияларды беруші, яғни коммуналды қызметшілерге жібереміз. Олар соны автоматты түрде ауыстыратын болады", - деді Бағдат Мусин.



"Осылайша мың сан қызметті барып, алу керек деп бас қатырмайтын боламыз" деген Бағдат Мусин өз баяндамасынан кейін жиылған жұрттың сұрағына жауап берді. 



"Біздің елде, шыны керек, 4G-дің өзіне қол жеткізу қиындау. Сондықтан 5G туралы сөз қылу қаншалықты дұрыс? Бұл желінің құны да қымбат болатыны анық. Сондықтан бұл Қазақстанға керек пе? Өйткені байланыс операторлары 4G үшін күн сайын бағаларын өсіріп жатыр", - деп сауалын жолдады қала тұрғыны. 


"Біз ғаламдық тенденциялардан артта қалмауымыз керек. 5G ғаламтордағы ең озық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік ашады. Әлемде оның көмегімен машиналар жүргізушісіз жұмыс істеп жатыр. Операторлар арасында күшті бәсекені тудыру үшін байланыс инфрақұрылымын жақсартып отыруымыз керек. Бәсеке болған кезде ғана сапа мен баға да реттеледі", - деп жауап берді министр.



Енді бірі үйлерге газ кіргізу жұмысын халыққа қызмет көрсету орталығына жүктеуді сұрады. Өйткені көгілдір отынды тарту мерзімі жарты жылға дейін созылып кетеді.



"3 айдан 6 айға дейін газ кіргізе алмай отырмыз. Соны ХҚКО-ға жүктесеңіздер, өте жақсы болар еді", - деді ол.


"Осы нәрсені біз жақсартсақ, ХҚКО-ға кіргізсек, Алматыға келгеніміз бекер болған жоқ десек болады. «ҚазТрансГаз Аймақпен» келісіп,  осыны жарты жылда жасап тастайық. «ҚазТрансГаз Аймақтың» жаңа жетекшісі қарсы болмайды деп ойлаймын. Олармен меморандумға қол қойып, ол сол компанияның қызметі болса да ХҚКО-ға кіргізу керек", - деп сөзін аяқтады Мусин.



Айта кетейік, Президент «Орталық атқарушы органдардың басшыларын халықпен кездесу өткізуге» міндеттеген. Бағдат Мусин сол жарлықтың аясында Алматыдан бөлек, еліміздің 4 өңіріне барған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстан #жоспар #5G
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика