AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағд...

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Мұны білген жөн 20.03.2026, 11:39 284 Дина
Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?
ашық дереккөз

Алатау қаласында инвесторларға берілетін жер телімдері тек нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ғана ұсынылады. Егер инвестор екі жыл ішінде өз міндеттемесін орындамаса, оған айыппұл салынып, жоба тағы екі жылда жүзеге аспаса, жер мемлекетке қайтарылады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласындағы жер қатынастары арнайы режиммен реттелетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қала аумағында арнайы жер қоры қалыптастырылады. Бұл қор стратегиялық және инвестициялық жобаларды іске асырудың маңызды құралына айналып, өңірдің дамуы мен экономикалық өсіміне серпін бермек.

Қанат Бозымбаевтың сөзінше, инвесторларға жер учаскелері бизнес-лицензия немесе келісімшарт негізінде беріледі. Алайда мұндай телімдер тек нақты инвестициялық міндеттемелермен байланыстырылады.

Вице-премьер жер мәселесі қоғам үшін әрдайым өзекті екенін атап өтті. Осыған байланысты Алатау қаласында, соның ішінде шетелдік инвесторларға да, жер тек белгілі бір инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ғана ұсынылады.

Ол жер телімдері жалға беру немесе өзге де заңды тетіктер арқылы рәсімделетінін жеткізді. Сонымен қатар инвесторларға нақты талаптар қойылып, оларды орындауға белгілі бір мерзім беріледі.

Егер инвестор екі жыл ішінде өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаса, мысалы зауыт, фабрика, университет немесе қонақүй секілді нысандарды салу жұмыстарын бастамаса, оған айыппұл салынады. Ал одан кейінгі екі жыл ішінде жоба толыққанды дамытылмаса, жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылады.

Қанат Бозымбаев жер телімдері тек инвестициялық және іскерлік мақсатта пайдаланылатынын айтты. Ал Қазақстан азаматтарына қатысты жер қатынастары қолданыстағы заңнама аясында реттеле береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);