ffin.kz

Алакөлге келушілер көбеюде

Алакөлге келушілер көбеюде Almaty-akshamy.kz. 

Абай облысындағы Алакөл жағалауындағы демалыс базаларында былтыр 200 мыңнан астам турист келген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«ҚР мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің аумақтарында экологиялық туризмді дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристік маршруттар бойынша тиісті жұмыстар қолға алынып жатыр. Жалпы ауданы 143 550,5 гектар және 204 602 гектар қорғау аймағы бар саябақта жыл сайын флора мен фаунаны қорғауға және табиғи көрікті жерлерді сақтауға бағытталған «Саябақтар шеруі» сияқты экологиялық акциялар өткізіледі. Бұл туралы Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов әкімдік отырысында мәлімдеді.

«Өткен жылғы демалыс маусымында Алакөлге 200 мыңнан астам адам келген. Курорттық аймақта бір мезетте 14 450 туристі қабылдай алатын 230 орналастыру орнын қоса алғанда 435 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Маусымдық кезеңде «TOURIST INFO» ақпараттық орталығы жұмыс істейді. Онда үш менеджер демалушыларға қажетті ақпараттық қызмет көрсетіп, жадынамалар, брошюралар мен жолсерік карталарын тегін таратады.

2023 жылдың 20 маусымында бекітілген Жол картасы шеңберінде 42 іс-шараны қамтитын туристердің лайықты деңгейде демалуына жағдай жасау үшін аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Курорттық аймақтың тартымдылығын арттыру үшін бірқатар шара жоспарлануда. Атап айтқанда, Көктал ауылынан Қабанбай ауылына дейін ұзындығы 70 шақырым болатын 110 кВ жоғары вольтты желі тарту, Алакөл жағалауын нығайту, көл жағалауын одан әрі дамыту үшін басқарушы компания құру, Қабанбай ауылында қуаты жылына 30 мың тонна болатын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, жағалау бойымен жаяу жүргіншілер көшесін абаттандыру, ұзындығы 8,2 шақырым болатын Қабанбай ауылындағы солтүстік айналма жолды қайта жаңғырту», - деді ол.

Биыл өңірдің бірнеше ауданында мәдени-танымдық іс-шаралар жоспарланған. Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығы атап өтіледі. Соның аясында асыл тұқымды жылқылар көрмесі, тарихи-танымдық конференция, халық әндері мен би ансамбльдерінің қойылымдары өтеді.

Ақсуат ауданында Ырғызбай Досқанаұлы атындағы дәстүрлі турнир ұйымдастырылып, ат жарысы, айтыс және гала-концерт өткізу көзделіп отыр. Бесқарағай ауданында «Сабантой-2024» татар ұлттық мерекесі спорттық шаралармен, қайырымдылық акцияларымен және ат жарыстарымен аталып өтілмек.

 

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев облыстағы туризм саласын дамыту жергілікті атқарушы биліктің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты туристерді тартуға әлеуетті аудан әкімдеріне жергілікті бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болып, жұмыс істеуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32