Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алакөлге жазда қолжетімді әуе рейстері қатынайды

Алакөлге жазда қолжетімді әуе рейстері қатынайды

Әлеумет 20.05.2025, 11:57 819
Алакөлге жазда қолжетімді әуе рейстері қатынайды
Cурет: SCAT

Көлік министрлігі жазғы маусымда Алакөлге дейін қосымша вагондар мен билет құны қолжетімді әуе рейстерін іске қосады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz

Теміржол көлігі:

Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты  арқылы жетуге болады. Оның 4-еуі — жыл бойы қатынайтын бағыт болса, тағы 9-ы — маусымдық қосымша бағыттар. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан қатынайды.

Алматы – Алакөл:

№ 207/208 «Алматы-2 – Жалаңашкөл» (аптасына 2 рет);
№ 221/222 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
№ 211/212 «Алматы-2 – Достық» (маусым–шілдеде жұп күндері, тамызда тақ күндері);
№ 337/338 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
№ 21/6941/6942/22 «Алматы-1 – Достық» (жұп күндері).
Астана – Алакөл:

№ 54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
№ 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
№ 122/6942/6941/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері).
Басқа бағыттар:

№ 31/6942/6941/32 «Павлодар – Достық» (жұп күндері);
№ 21/6942/6941/22 «Қызылорда – Достық» (тақ күндері);
№ 457/458 «Семей – Достық» (тақ күндері);
№ 459/460 «Өскемен – Достық» (тақ күндері);
№ 6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (күн сайын).
Әуе қатынасы:

2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлдің қасында орналасқан Үржарға субсидияланатын рейстерді орындай бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады. Астана - Үржар бойынша бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге, ал Алматы - Үржар бағыты бойынша – 14 мың теңге.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде Үшарал қаласына субсидияланатын әуе рейстерін іске қосу мәселесі пысықталуда.

Автомобиль көлігі:

Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы Алакөлге дейін апарады. Бұл жолға толықтай жаңа асфальт төселді.

Жетісу облысы жағынан Үшарал арқылы одан кейін 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен өтіп, көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.

Абай облысы жағынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.

Алакөл көліне апаратын барлық республикалық маңызы бар автожолдарда жаңа асфальт бетон жабыны төселген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алакөл #рейс #жаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика