AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алаяқтардың арбауына көбіне кімдер түседі?

Алаяқтардың арбауына көбіне кімдер түседі?

Әлеумет 31.01.2023, 08:21 1,167
Алаяқтардың  арбауына көбіне кімдер түседі?
Сурет: Jambylinfo.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы сауаты жайлы сауалнама нәтижесін жариялады.


Қаржылық алаяқтықтың ең көп тараған түрлерінің бірі - телефон арқылы(34,2%) жасалатын және интернет-алаяқтық (32,7%), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Сауалнама көрсеткендей, респонденттердің жартысынан көбі қаржылық алаяқтықпен таныс - 55,8%.


Көбіне бұл телефон арқылы жасалатын алаяқтық – «вишинг» (34,2%) және интернет-алаяқтық – «фишинг» (32,7%).


Сауалнамаға қатысқандардың 21,6% қаржы пирамидасы ұйымдастырған алаяқтыққа куә болған, ал 11,5% төлем карталары бойынша алаяқтыққа тап болды.


Бұл ретте алаяқтардың азаматтармен байланысының ең көп тараған тәсілдері - ұялы немесе қалалық телефонға қоңырау шалу (51,5%), сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенжердегі хабарлама (33,4%).


56% жағдайда мұндай құқық бұзушылықты танып-білуге болады, алайда респонденттердің қалған 44% мұндай құқық бұзушылықты уақтылы анықтай алмаған.


Алаяқтардың айла-амалдарына көбіне аға буын өкілдері сенім артады, өйткені сауалнамаға қатысқандардың 50,7% (63+) алаяқтық пиғылды ажырата алмаған.


Белгілі болғандай, алаяқтарға ерлерге (42,6%) қарағанда әйелдер (45,3%) көбірек сеніп қалған.


Өңірлер бойынша Алматы және Шымкент қалаларында (49,3%-дан), Шығыс Қазақстан облысында (48,7%) және Астана қаласында (48%) «Жоқ, танып-білу мүмкін болмады» деген жауап нұсқасы жоғары көрсеткішке ие болып отыр.


Бұл көрсеткіштер, ең алдымен, ірі қалаларда кәсіби экономикалық алаяқтықтың даму тәуекелінің жоғары деңгейде екенін көрсетуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқтық #арбау #Сауалнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);