AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алаяқтар жасанды интеллектке де жетті

Алаяқтар жасанды интеллектке де жетті

Заң мен тəртіп 07.04.2025, 14:40 1,138
Алаяқтар жасанды интеллектке де жетті
Сурет: Polisia.kz

Полиция ЖИ арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті.

Жасанды интеллект технологияларының дамуына байланысты алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін игеріп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Олар енді дауыс көшірмесін жасап, жалған видеолар құрастырып, таныс адамдардың бейнесін имитациялап, тіпті нейрожелілер арқылы жеке аккаунттарды бұзып кіре алады. Осыған байланысты Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері аймақтағы тұрғындарды жаңа қауіптерден сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Полицейлер мектептерге, жоғары оқу орындарына, ұйымдарға және тұрғын үй кешендеріне барып, ақпараттық парақшалар таратып, алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдарын түсіндіруде. 

– Бұрын қылмыскерлер банктер мен полиция атынан хабарласатын болса, қазір олар жақын туыстарыңыздың даусын көшіріп, шұғыл түрде ақша аударуды сұрауы мүмкін. Сонымен қатар жасанды интеллект көмегімен сіздің атыңыздан жалған видео жасап, шантажбен айналысады. Бұл технологиялар алаяқтықты шынайы етіп көрсететіндіктен, аса сақ болу қажет, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Уәлихан Ағыбаев. 

Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Жақындарыңызға қайта қоңырау шалыңыз – егер көмек сұраған күмәнді дауыс хабарламасы келсе, оның расында жақыныңыз екенін анықтап алыңыз.

 Алаяқтар дауысты ұқсатып жасап алады. Аудио немесе видео хабарламалар арқылы ақша жібермеңіз – ол танысыңыздан келгендей көрінуі мүмкін. Алдымен басқа байланыс тәсілімен нақтылап алыңыз.

Мессенджерлердегі шұғыл өтініштерге сенбеңіз – әсіресе, жағдайдың шұғыл екенін айтып, сендіруге тырысқан сәтте. Алаяқтар аккаунттарды бұзып, достарыңыздың атынан хат жаза алады. 

Күдікті сілтемелер мен файлдарды ашпаңыз – алаяқтар ЖИ арқылы жалған банк сайттарын жасап, сол арқылы сіздің жеке деректеріңізді алуы мүмкін. Ақпаратты тексеріңіз – егер сізге күмән тудыратын видео немесе дауыс хабарламасы келсе, оны ресми дереккөздерден тексеруге тырысыңыз.

Екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз – бұл әлеуметтік желілер мен мессенджердегі аккаунттарыңызды бұзылудан қорғайды.

"Жеңіл табыс" туралы ұсыныстардан сақ болыңыз – алаяқтар ЖИ арқылы автоматтандырылған хат-хабар таратып, инвестициялық схемалар, ұтыстар мен қаржылық айла-шарғылар ұсынуы мүмкін.

Полиция жасанды интеллект технологияларын қолданатын алаяқтарға тап болсаңыз, дереу "102" нөміріне хабарласуға шақырады. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #Алаяқтар #полиция #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);