конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алаяқтар Дубай шоколадына да жетті

Алаяқтар Дубай шоколадына да жетті

Заң мен тəртіп 08.01.2025, 13:01 1,023
Алаяқтар Дубай шоколадына да жетті
Сурет: Global Look Press/Sascha Thelen/dpa

Шоколад сатқан алаяқ сотталды.

Астаналық алаяқ дубай шоколадын сатамын деп тұрғындарды алдап, бірнеше рет олардың ақшасын иемденіп алған, деп хабарлайды aqshamnews.kz қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасады (ҚК190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағы) деп айыпталған астаналыққа қатысты істі қарады.

Астаналық алаяқ дубай шоколадын сатамын деп тұрғындарды алдап, бірнеше рет олардың ақшасын иемденіп алған. Жалпы 10 адамның 301 020 теңгесін жымқырған. Алаяқтың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағының санкциясы мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді. Жасаған ісіне өкіну және зиянды өтеуі жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен астаналық алаяқ Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дубай #шоколад #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

250 мың көрермен жиналды: Қарағандыда Кеншілер күніне арналған ауқымды концерт өтті

Бүгін 17:05

Мектеп автобустары және қашықтан жұмыс істеу: Алматы әкімдігі көлік жүктемесін азайту үшін қандай шаралар қабылдады

Бүгін 16:34

Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр

Бүгін 16:06

Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды

Бүгін 15:02

Ғабит Мүсірепов театры Шри-Ланкадағы халықаралық фестивальде екі жүлде иеленді

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);