AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында «Цифрлық те...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығы ашылды.

Алматы Бүгін 15:45 52 yakiya
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығы ашылды.

Маңызды келісімге ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында қол жеткізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Ауқымды жоба – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық әлеуеті мен Jiangsu Huibo Robotics Technology Co., Ltd. компаниясының технологиялық мүмкіндіктерін біріктіретін заманауи инновациялық шешім.

Орталықта студенттер өндірістің барлық процестерін сандық ортада үйренеді. Сонымен қатар өндірістегі әр кезеңді өзара байланыстыруды үйреніп, күрделі автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істеуге дағдыланады.

Орталықтың жалпы ауданы 600 шаршы метрді құрайды. Мұндағы бес инновациялық платформа – заманауи өндіріс пен жасанды интеллект негізінде құрылған және интеллектуалды роботтармен жұмыс істеуге арналған кешендерден тұрады.

Атап айтқанда, виртуалды зауыт, өнеркәсіптік роботтарды бағдарламалау жүйесі, жасанды интеллект пен машиналық көру платформалары, өнеркәсіптік роботтарды қолдануға арналған оқыту жүйесі  және күрделі бионикалық қозғалыстар мен интерактивті тапсырмаларға қабілетті Unitree Go2 Pro роботтары. Қазіргі таңда орталықта жалпы 13 заманауи робот орнатылған.

Институтта «Робототехника», «Мехатроника», «Жасанды интеллект» және «Заттар интернеті» бағыттары бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары әзірленіп, бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды қайта даярлау курстары да жоспарланған.

Сондай-ақ жоба аясында стартаптар мен инновациялық компаниялар құрылып, робототехникалық жүйелердің құрамдас бөліктерін Қазақстанда өндіру қолға алынады. Халықаралық университеттер мен технологиялық компаниялармен бірлескен тағылымдамалар, академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасу бағдарламалары іске қосылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#робототехника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09

Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы

Бүгін 16:05

«Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы

Бүгін 15:53

Суперкомпьютер орталығы

Бүгін 15:49

ҚазҰУ-да еліміздегі алғашқы «Quantum AI» зертханасы іске қосылды

Бүгін 15:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);