AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Актерлер де тыс қалмады  

Актерлер де тыс қалмады  

Әлеумет 06.09.2021, 04:45 1,315 Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ
Актерлер де тыс қалмады   
almaty-akshamy.kz

Қазақ өнерінің киелі қара шаңырағы – Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық академиялық драма театрының актерлері ұжым болып екпе салғызды.


Бүгінде қаламызда коронавирус індетінің дес бермей тұрғаны баршамызға аян. Бұл ретте COVID-19-ға төтеп беретін бірден-бір жол вакцина екенін айтқан актерлер театрдың 96-маусымының шымылдығын ашуға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ, былтыр ұжымдағы кей актерлердің осы бір қатерлі індетке шалдыққанын айтып, сол күндердің қайталанбауын тілейді. Сонымен қатар, театр ұжымы түрлі қауесет әңгімелерге құлақ түрмей, екпе ектіру керегін айтып отыр.




«Бұл індет сахна өнеріне де зиянын тигізді. Біз екі жылға жуық бірде жабылып, бірде ашылып, белгілі бір шектеулермен жұмыс істеп, былайша айтқанда, көрермендерімізбен ара қатынасымыз қыл үстінде тұрғандай жағдайды бастан кешірдік. Карантиндік режим жеңілдеген соң, театр ұжымының барлық актері екпе салғызды. Ұжымның 90%-ы екпенің екі компонентін де алды. Қазіргі таңда денсаулығымыз бірқалыпты, ауру-сырқаудан аманбыз, – дейді М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.



Жақын арада көрерменге есігін айқара ашатын өнер иелері тың туындыларымен дайын отыр. «Осы жазда ұжымдасқан түрде еңбек демалысына шықтық. Күз мезгілінен бастап өз жұмысымызға кіріскелі жатырмыз. Карантин талаптары жеңілдей бастағандықтан, басқа қалаларға гастрольдік сапарға, жаңа  спектакльдерге толыққанды дайындық жүргізіп жатырмыз. Біздің өміріміз көрермендерімізбен мәнді. Өздеріңізбен қайта қауышатынымызға қуаныштымыз. Бір-біріміздің, айналамыздың амандығы үшін барша отандасымды екпе алуға шақырамын», – дейді Еркін Жуасбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #екпе #ковид
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болатыны болжанды

Бүгін 08:32

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Кеше 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Кеше 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Кеше 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);