AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Әкем театрдың 99-маусымы ашылды

Әкем театрдың 99-маусымы ашылды

Мәдени Алматы 20.09.2024, 15:25 1,320
Әкем театрдың 99-маусымы ашылды
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов
 

«Almaty Theatre» сахнасында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-маусымы ресми түрде ашылды. Ашылу қойылымы ретінде Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклі көрсетілді.

Маусымашар баспасөз мәслихатында театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек театр ғимаратының екі жылға жөндеуге жабылатынын атап өтті.

Жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталмақ. Сол себепті театр ұжымы гастрольдік сапарлар аясында Талғар, Есік, Қаскелең, Ұзынағаш, Қонаев қалаларында өнер көрсетуді жалғастырады.

Бұдан бөлек, биыл Ақтөбе, Қостанай және Қырғызстанның Бішкек қаласында да спектакльдер қою жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстары кезінде жаңа қойылымдар дайындалмайды, себебі декорация мен киім тігу цехтары театр ғимаратында қалған.

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов театр ұжымына сәттілік тілеп, театрдың дәстүрін жастардың жалғастыруы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, салтанатты іс-шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы режиссер Әлімбек Оразбековтің кітабының тұсаукесері өтті.

Театр ұжымы алдағы екі жылда репертуарындағы 70 спектакльді көрерменге көрсетуді жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұхтар Әуезов #театр #99-маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Анталиядағы COP31 саммитіне қатысты

Бүгін 23:30

Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76%-ы жауды

Бүгін 21:45

Алматыда дәстүрлі қолөнер мен заманауи креативті индустрия тоғысты

Бүгін 18:24

Алматы ғылымға алғаш рет 348 млн теңге бөлді

Бүгін 18:01

«ENGLISH DETECTIVE» – АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);