Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Айтулы оқиғаның куәсі болды 

Айтулы оқиғаның куәсі болды 

Сайлау-2023 19.03.2023, 16:49 988
Айтулы оқиғаның куәсі болды 
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жетісу ауданына қарасты №43 жалпы білім беретін мектеп ауласы мерекедегідей безендірілген, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Аулаға кірген сәтте-ақ күмбірлеген күй бойды алып, үлкен бір думанды салтанаттың болып жатқанын айшықтай түскендей. Аталмыш мектепке орналасқан №343 сайлау учаскесіне келіп, өз даусын беріп жатқан адамдардың қатары да жиілей түскен.  



– Өз жұмысымызды таңғы 6.00-де бастадық. Әнұран орындалып болған соң, бақылаушыларды тіркедік. Ең алғашқы дауыс берушіміз Серік Сарчаев сағат 7.00-де келді. Қалыптасқан дәстүр бойынша, белсенділігі үшін тұрғынға  естелікке қойын дәптер сыйладық. Жалпы, біздің №343 сайлау учаскесінде 2357 сайлаушы бар. Алғашында келушілер қатары сирек болғанымен, түс ауа сайлаушылар қатары артты. Белсенділік танытып жатқандар негізінен ересек, орта жастағы адамдар. Сондай-ақ, бұл жолы жасы келген 7 адам өз өтініштері бойынша үйден дауыс берді. Біз үшін ғана емес, бүкіл қала жұртшылығы үшін 107 жастағы Қанша Жақсыбаеваның  өз қалауымен сайлау учаскесіне  келіп, дауыс бергені айтулы оқиға болды, - дейді №343 сайлау учаскесінің төрайымы Ғалия Әлкенқызы.  



Екі ғасырдың куәсі барша қауымға ақ батасын берді. №343 сайлау учаскесі ең қарт сайлаушының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сайлау #Жетісу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика