Air Astana APEX сыйлығын алды

Air Astana APEX сыйлығын алды almaty-akshamy.kz

Американдық APEX қауымдастығы (Airline Passenger Experience Association) ең жоғары рейтингі бар Triplt туристік қосымшасымен бірге Air Astana әуекомпаниясын «Орталық Азиядағы ең жақсы ойын-сауық жүйесі және борттық тағамдар мен сусындар» номинациясында марапаттады. Марапаттау рәсімі 2022 жылдың 8 маусымында Дублинде өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қосымша бүкіл әлем бойынша 600 әуе компаниясының миллионнан астам рейсін қамтитын жолаушыларға тәуелсіз пікірлерін жинады. Жолаушылар әуетасымалдаушыларды бес балды шкала бойынша 5 параметр бойынша бағалады: креслолар жайлылығы, борттағы қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі және wi-fi қызметі.



Елена Обухова, Air Astana Борттық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті: «Беделді APEX сыйлығын алу біздің әуекомпанияның үздіксіз жетілу мен дамуға деген ұмтылысын көрсетеді. Жолаушылар рейтингінің тәуелсіздігі марапатқа одан да көп мән береді және біз олардың пікірлері үшін алғыс айтамыз».



APEX – әуе көлігіндегі қызмет көрсету сапасын зерттеуге және жақсартуға арналған халықаралық коммерциялық емес ұйым. APEX сыйлығын тәуелсіз аудиторлық компания сертификаттайды. 2018 жыл мен 2020 жыл арасында «Эйр Астана» «Ірі әуекомпаниялар» санатындағы 5 жұлдызды APEX сыйлығымен үш рет марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47