AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Айқай» фильмінің әлемдік премьерасы Пусан кинофе...

«Айқай» фильмінің әлемдік премьерасы Пусан кинофестивалінде өтеді

Мәдениет 06.09.2023, 08:30 1,738
«Айқай» фильмінің әлемдік премьерасы  Пусан кинофестивалінде өтеді
Сурет: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі

«Айқай» фильмі Оңтүстік Кореяда 4-13 қазан аралығында өтетін әйгілі Пусан кинофестивалінің А Window on Asian Cinema («Азия киносына терезе») бағдарламасында көрсетілетін болды.


Фильмнің режиссері – Кенжебек Шайқақов. «Айқай» – режиссердің екінші толықметражды жұмысы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген алғашқы фильмі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 




«Халықаралық кинофестивальдерде біздің фильмдерімізге деген сұраныс жоғары екенін көріп отырмыз. Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірінде көрсетілетін «Айқай» кинокартинасы – осының дәлелі. Жалпы киноиндустрия өкілдері және біздің орталық жұмысты бір жүйеге қойып, әр фильм өз мақсатын айқындауы тиіс. Бізге нақты нәтижелер керек. Бізге фильмдеріміздің сөрелерде шаң басып жатқаны емес, олардың прокатқа шығуы, фестивальдерге қатысып, жетістіктерге жетуі маңызды», – деді ҰКҚМО басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.



«Айқай» фильмі көрермендерге екі аяқсыз туылған бас кейіпкердің өмірі арқылы ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдырын және анасынан айырылған баланың әкесіне жанашырлығын, қамқорлық жасауға деген талпынысын баяндайды.


Көркем фильмнің түсірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өтті. Басты рөлдердерде Орынбек Шаймағанбетов, Арнұр Акрам,  Ерболат Әлқожа, Бейнұр Баймұхамбетов, Ерлан Малаев, Айбек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан ойнайды.


Айта кетейік, Busan International Film Festival 1996 жылдан бастап жыл сайын Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін Азиядағы ең ірі кинофестивальдердің бірі. 


 


 


Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік


 орталығының баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айқай #фильм #премьера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="99"]'); } }, 1500);