конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Аймағамбетовтен 6 кеңес

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Білім және ғылым Бүгін 16:10 43
Аймағамбетовтен 6 кеңес

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік грантқа түсе алмаған жастарға алты түрлі кеңес берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аймағамбетов оқуға түсе алмағандар мен олардың ата-аналары не істеуге болады деген сұрақты жиі қоятынын жазды. Экс-министр оларды грант жеңіп алу мүмкіндігі әлі де бар деп жұбатты.

  • Бұрынғы оқу-ағарту министрі ұсынған алты кеңес:

  • Әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді;

  • «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар;

  • Талапкерлердің кейбірі түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Сол кезде грант алған талапкерлерден кейін тұрғандарға ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі;

  • Тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. Жоғары оқу орындарының ішкі гранттары да болады;

  • «Gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім;

  • Колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады.

Аймағамбетов мүмкіндік көп екенін айтып, грантқа түсе алмағандарға жөн сілтеді. Ол толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығуға да кеңес берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Бүгін 17:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Бүгін 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Бүгін 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Бүгін 15:06

Сайлаудан кейін ең маңызды кезең басталады: Қазақстан Республикасының алғашқы Құрылтайы қалай жұмыс істейді?

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);