Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әйелін ұрғандарға қатысты жаза күшейтілді

Әйелін ұрғандарға қатысты жаза күшейтілді

Заң мен тəртіп 26.04.2023, 13:17 1,415
Әйелін ұрғандарға қатысты жаза күшейтілді
Сурет: Riavrn.ru

Соңғы шешімді сот қабылдайды.


Ішкі істер істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мамырда, ал әкімшілік жазаға қатысты түзетулер шілде айында күшіне енеді.


Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде тұрмыстық зорлықтан зардап шегушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал тәртіп сақшылары келгеннен кейін агрессорларға қарсы арыз жазудан бас тартады. Өткен жылдың өзінде полицияны 70 мың рет шақырған. Бірақ арыз жазылмаған.


Полиция келіп кеткеннен кейін отбасындағы жанжал көп жағдайда әрі қарай жалғасады, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғып жатады. Сондықтан арызсыз әкімшілік іс қозғауға шешім қабылданды.



Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, әкімшілік хаттаманы толтыру үшін көршілер мен куәгерлердің айғақтары ескеріледі. Сондай-ақ бейнебақылау камераларының материалдары негізге алынады. Соңғы шешімді сот қабылдайды.



Ерлі-зайыпты сотта қайта татуласа алмайды


Қазіргі кезде әкімшілік хаттама рәсімделгеннен кейін жәбір көрген әйелдер агрессормен сотта татуласып жатады. Оларға қысым жасалады, я болмаса, туыстары арызын қайтаруға көндіріп жатады.


Мысалы, өткен жылы тұрмыстық жанжалдар бойынша сотқа 47 мың әкімшілік іс жіберілді. Соның ішінде 20 мың іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.


Енді сотта бір рет қана татуласуға мүмкіндік беріледі. Одан кейін жанжал қайталанса, әйелі кешірім жасаса да, агрессор жауапқа тартылады.


Әкімшілік жаза қандай болады?


Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 5,10 және 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Ал соттар көбінесе 1-5 тәулікке қамауға шешім шығарып отырады.


Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, заң бұзған адамға ескерту жасалады, я болмаса, бірден 5 тәулікке қамап тастайды. Ал заң бұзушылық қайталанса, 10 тәулікке қамалады. Жазаның мерзіміне қатысты баптардан "дейін" деген сөз алынып тасталды.


ұрып-соққаны үшін кем дегенде 10 тәулікке қамау (бір жылдың ішінде қайталанса, 20 тәулік);


денсаулыққа жеңіл зиян келсе, 15 тәулікке қамау (бір жылдың ішінде қайталанса, 25 тәулік);


қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту болмайды, бірден 10 тәулікке жауып тастайды;


соттың жүріп-тұруға қатысты талабын бұзғаны үшін айыппұл салынбайды, 10 тәулікке қамауға алады (бір жылдың ішінде қайталанса, 20 тәулік).


Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер


Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарына (ҚК 106-бабы, ҚК 107-бабы) ауыр және орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіруге байланысты "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділігі бар адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген саралау белгісі енгізілді.



Осының арқасында қылмысты шағын ауырлықтан орташа ауырлыққа ауыстыруға және қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу түріндегі санкцияны қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік бар. Ал Қылмыстық кодекс бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы қылмыс екі және одан да көп адамға қатысты жасалса, 6 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамап тастауы мүмкін.



Бұдан бөлек, 107-бапта денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған. Жазаның мерзімі – 2-3 жыл.


Өзгерістер қашан күшіне енеді


Биыл 16 наурызда Парламент депутаттары тиісті заңды қабылдады. Президент қол қойды.


Осылайша Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер 19 мамырдан, ал Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енген түзетулер 1 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әйел #Жаза #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Кеше 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Кеше 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Кеше 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Кеше 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Кеше 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика